Қымбатты жұбайыма!

Қымбатты жұбайыма!
жеке
блог

Қымбатты жұбайым!

(перзентханаға босануға бара жатқан, күйеуін табыстап кететін енесі де, анасы да жоқ жүкті әйелдің күйеуіне қалдырған нұсқаулығы)

Аяқ астынан сен жұмыста болған кезде кетуіме тура келіп қалды. Сондықтан саған соңғы нұсқауларды беріп үлгермей қалдым. Алайда, сені бес саусағымдай білетіндіктен, Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/n1.gif минут сайынғы телефон қоңырауларының алдын алу үшін саған осы жаднаманы қалдырайын деп шештім, өйткені біраз уақыт менің саған көңіл бөлуге уақытым болмайды Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/1.gif.

Балаларды балабақшадан келген соң міндетті түрде үй киіміне ауыстырып киіндіру керектігінен бастайық. Барлық балабақша киімдерінде дақ пен кір жоқтығын тексер. Егер, әлдебір киім кір болса, оны жу. Ең болмағанда тазасына ауыстырып қой. Есіңде болсын, қызымыздың заттары жоғарғы сөреде, кіші ұлымыздікі – ортаңғы сөреде. Залда орналасқан шифонерден іздейсің. Өзің мен Андрейдің киімдері салынған шкафтан іздеме.

Саған тамақ әзірлеуге тура келетін шығар Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/x15.gif. Бірде сен менен сұрағансың: «Олар не жеуші еді?» деп Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/d1.gif. Әке үшін әпенде сұрақ екеніне келісетін шығарсың. Баяндаймын: картопты, макаронды және тоңазытқышта тұрған барлық тәтті-пәттілерді жақсы көреді. Картоп үстел жанындағы шелекте. Шелектің беті қақпақпен жабылған. Егер кенеттен таусылып қалса, онда қоймадан алу керек болады. Қойма әжеміздің сарайында. Даярламас бұрын картопты аршып, жуып-тазала, содан кейін әзірле.

Макарондар тоңазытқыштың оң жағында тұрған шкафтың төменгі бөлігінде. Олардың жанында қапшығымен қант тұр. Қантсалғыш пен кофені саған үстел үстінде қалдырамын. Балаларға арналған шәй мен сенің сүйікті дәмдеуіштерің сол шкафтың ортаңғы сөресінде тұр.

Күн сайын сүт сатып алуды ұмытпа, әйтпесе қызымыз шатақ шығарады Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/d8.gif. Тәттіні көп бере берме, кейін өзің өкінетін боласың.

Оларды жуындыруды және сүртуді ұмытпа, әсіресе аяқтарын жууды ұмытпа. Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/n14.gif Құлақтары мен тырнақтарының жағдайын тексеріп отыр. Қайшы үстелдің жәшігінде жатыр, құлақ тазалайтын таяқшалар серванттың бар бөлігінде. Төменірек дәрілер салынған жәшік тұр, кенеттен басың ауыра қалған жағдайда.

Саған монша жағуға тура келетін шығар. Өтінемін, олардың жөкелері мен сусабындарын ауыстырып ала көрме. Қызымыздың жөкесі алқызыл, ұлымыздікі жасыл. Қызымыздың басы мен денесін гель-сусабынмен жу. Жасыл түсті. Сыртында жазулы тұр. Ұлымыз басын сенің сусабыныңмен жууды ұйғарды, сондықтан қарсы болма. Денесін сары сабынсалғышта тұрған сабынмен жуады. Олардың монша орамалдары мен халаттарын ауыстырып алма. Қызымыздікі пештің сол жағында, ұлымыздікі оң жағында ілулі тұр.

Жуынып болған соң олардың жалаң аяқ жүгіруіне жол берме, оларға квас немесе шай ішкізуіңе болады. Ұйқыға уақытында жатқыз Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/x5.gif, әйтпесе таңертең тұрғыза алмайсың. Иә, айтпақшы, таңертең қызымыздың шашын буып-түймес бұрын міндетті түрде тара. Оның тарағы шифонердегі қорапшаның оң жағында. Өзің білесің, орнына қоймасаң, кейін таппайсың. Егер аяқ киімдерін қатты ластаса, жуып, кептіріп қой.

Міне, Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/n14.gif негізгілері осымен болған сияқты. Осы айтылғандар сені біраз уақыт қоңырау шалудан кідіртеді деп үміттенемін. Мен саған сенемін Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/14.gif.

Бірақ, егер бірнәрсе болып жатса, хабарлас!!! Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/n19.gif жауап беруге тырысамын. Сүйіктім, бір аптадан соң кездескенше Описание: http://www.stranamam.ru/i/smiles/11.gif !

(Дереккөз: stranamam.ru сайты)