Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Сырдың қызына жауап хат" немесе "Ал, сау болыңдар"

"Сырдың қызына жауап хат" немесе "Ал, сау болыңдар"

Амансыңдар ма Массагеттіктер!

Қалайсың Сырдың қызы? Хатыңды кеше түнде оқыдым. Ол күні артымнан ерген қарам, туғаным, бауырым (айтпақшы, сенімен жасты-ау сол) 1 штук сіңілім бар ғой, сол тұрмыс құрған, соның құдалығын өткізуге төркінге сонау Шәуілдірдің ар жағындағы Маяқұмға барып қайттық енем, Шынар және әкесі, бәріміз. Сол себепті құттықтаулар кеше және бүгін қабылданды. 

Саған үлкен рахмет. Хатыңа. Қатты әсерлендім. Өзімді керемет сезініп қалдым. Рас. 

Өзің байқағыш екенсің. Менің тығып жүрген көп нәрсемді байқап қойыпсың. Сенің арқаңда ма кесіріңнен бе ))) осы жазбаны жазып отырмын. 

Бәрі рас. Бәрі, бәрі. Алматыны сағынғаным, Панфилов паркіндегі оқиғалар, балмұздақ, тиін сосын, сосын сәби күтіп жүргенім.

Жабырқасам шуақ себер жаныма,

Балам болад, Тәубә деймін Құдайға 

Жасырғаным жоқ негізі, жай ырымшыл қазақпыз ғой. Алғашқы үш айда "ерте айтуға болмайды" деп үндемей жүрдім, келесі айларда "әлі уақыт бар ғой" дедім, енді дөңгеленіп, жасыратын ештеме қалмады. ))). Алла қаласа Шынар қыздың 2-ші туған күніне қарсы бөпелі болам. 

Сәби туралы, сәбилі болу туралы көөөп жазуға болады. Шынарға жүкті кезімде қатты қиналғам, жерік боп. Жерік болғанда да ит жерік болдым. ))). Рас. Сонысы жаман. Және де Шынарда "қыз ба екен, ұл ма?" деп әкесі екеуміз көөп таласатынбыз. Әкесі ұл болғанын қалады. Мен неге екенін қыз болатынына сенімді едім. УДЗ-ге алғаш түскенде-ақ "қыз" деп айтып берді. Әкесінің шок болған түрін көрсеңіз. ))) Қазір айтсаң мойындамайды. Қазір сұраймын "кім болғанын қалайсыз?" деп. "Дені сау, 12 мүшесі түгел, ақыл-есі бүтін болса болды, ұл екен, қыз екен демеймін" дейді. Баланың қандай екенін біліп үлгерді ғой ))). Менің де ойым сол, Алла берерінен танбасын. Солай. 

Қоштасқым келмей отырғаным, денсаулыққа байланысты ертерек демалысқа кеткелі отырмын. Қан қысымым төмендепті, ұйықтағанда аяқтарымның сіңірі тартылып қала береді. Және ұзақ бір орында отырғандықтан  денем ісіп кете береді. Сосын демалысқа шығуыма тура келіп тұр. Қолыңа алған балаңның дені сау болғаны жақсы. Ауырса ең жаманы сол. Шынарға аяғым ауыр кезінде үйде бірқалыпты күтіммен отырып бәрі жақсы болған. Ендігі де, келесі де солай болсын деп жұмыстан бас тарттым. Өзімді күтіп, демалып, дәрумендер жеп бір күні сіздерге жақсы жаңалық жеткіземін, Алла қаласа.

Солай менің жағдайым. Көөөп нәрсе айттым.  Енді дым бітірмесем де күнде Массагетте отырмаймын. Әр жазбаның астында менің есімім тұрмайды. Бірақ Массагет мені ұмытпа. Мен үлкен шаруа тындырып жүрмін ғой.

Массагетті сағынам. Барлықтарыңызды. Үйге "интернет алдырмаймын" деуші едім. Массагет үшін сол сөзімді қайтып алатын шығармын. Мүмкіндік болса мен осында боламын.

Сырдың қызы, маған агентте жазып тұр. Түркістанға арнайы кел. Келуің керек... 

Есігім әрқайсыңызға әрдайым ашық!

Айтпақшы: Енді жұмыс жоқ, қол бос. Ойымда жүрген көөөөөп тақырыптарға Массагетте жазба жазсам деймін. Мүмкін, өмірге келер балапыным болашақта шығармашылық адамы болар... 
 

13
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 03 маусым 2013, 14:17
Тегтер: жауап хат, сағыныш, туған күн, балалы болу, кездескенше күн жақсы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.