Көк журнал

Қаншама жазбалар жазылған... Қаншама пікірлер, көзқарастар жазылған... Жазылып келе жатқанына бес жыл емес, одан да көп-ау шамасы... Бірі игі тілек жазса, бірі басқа нәрсені жазған... Алайда көбісі онда жаза бермеген. Не үшін? Білмедім... Мен де бар болғаны үш-төрт мәрте ғана жазғам. Иә... Көк журнал... Әкемтеатрдағы сан жылдар бойы ілініп тұрған көк журнал... Қанша жұрт қойылымдарға келсе де, көк журналға жазатын түрлері жоқ. Кейбір үлкен кісілер Шаншарға, Тамашаға барғандай бола ма, қалай өзі? Сонымен қатар қойылымдарды көрген кезде сол жерде комментатор болып отырудың еш реті жоқ. Қойылымды болып жатқан оқиға, өтіп жатқан өмір деп қабылдау керек. Және де шешімді, пікірді ең соңынан біткен кезде ғана шығару керек. Әйтпесе, арасынан "мына жерінде бүйтпей ме" деген сияқты сөздерді айтпақ түгіл ойға алмаған да жөн.



Бөлісу: