КӨП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ...

Айгүл Болатханқызы 

17 мая возле Алма-Ата

Балам айлығын алған кезде «үйге не алып барайын» деп сұрайды... Жеміс-жидек сұраймын немесе «телефоныма ақша салып берші» деп өтінемін. Сөйтіп, балама еркелеп аламын... Айтайын дегенім, «өзім тауып жатырмын» деп түнгі клубтан шықпай, сыра ішіп, темекі шегіп жүрсе қайтер едім??! «Асеке, аяқ-қолың сау, шүкір! Шешең де аман-есен! Басымызда баспанамыз бар! Алматының ортасында тұрамыз, күл шығарып, от жағып жатқан жоқпыз, тәубе! Қонаев атаңа арнап мешіт салынғалы жатыр екен, 10-15 мың теңгеңді салсаң қайтеді, мен де қосайын», деп ұсыныс айттым. Келісті.    «10 мың ғана салсам ештеңе етпейді ғой, бастысы, ниетім түзу болсын, иә, Айеке... Келесі айда туған күнім ғой» дегенде, шыны керек, жылағым кеп кетті. Келіскеніне де, шүкірді ұққанына да қатты қуандым. Жаман азамат қылып өсірмеген екем баламды. 
Жыламадымиии. Мазақтайтынын білем ғой... Аллаға шүкір! Тәубе! Жаратқан жалғызыма жар бола гөр!

Начало формы

Нравится ·  · Поделиться

Рауана ТамшыMassaget KzМейіргүл Оңғарова и 70 другим это нравится.

        Осы жазба жазылғалы біраз уақыт өтті. Кеше – 31 мамыр  күні арнайылап барып Асекемнің бергенін Д.Қонаев атындағы мешіт құрылысын салуға аудардым. Күнделікті күйбең тірліктен қолым тимей, ойымдағыны орындай алмай уақыт оздырып алғаныма іштей күйзелгеніммен тура осы күні сәті түскеніне іштей қуандым да, өйткені бұл күн - қазақ үшін маңызы бар ерекше күн әрі қасиетті жұмамен тұспа-тұс келіпті. Несін жасырайын, арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Асекеме ниетің қабыл болсын, балам дегім келеді! Ата-бабаңның аруағы жар болып жүрсін! Аман бол, ұлым!

        ФБ әлеуметтік желісінде жариялаған жоғарыдағы жазбам арқылы оқырманға жылылық сыйлайтын, жүректеріне мейірім ұялататын жазбалар ерекше ұнайтынын байқадым... Мейірім мен жылылық... Біздің жоғалтып бара жатқан әрі іздеп жүрген қасиеттеріміз... Қазаққа ғана тән қайырымдылық, жомарттық...

         Ал сіздер сауаптан құр қалғыларыңыз келмесе, Д.А.Қонаев атындағы қоғамдық-қайырымдылық «Сауап» қорына хабарласыңыздар! Сауапты істен құр қалмайық!

Байланыс телефоны: 397 90 64



Бөлісу: