Тролльдің мазағына түспе, абай бол!

Бір бөлісейін дегенім, біздің арамызда көптеген трольдер бар. Олар әрбір мәселені дауға айналдырып жіберудің шебері. Олардың қулықтарын біліп алғаның жақсы шығар, ал дәл төмендегідей әдістерді пайдаланып адамды мазақ етуге шақырмаймын. Жасай да алмайсың :)

Троллингтың түрлері:

1) Өзіңді ақымақ етіп көрсету. Арнайы қолданушылық парақша ашылады да, КАПСЛОК арқылы топас әңгімелер айта бастау. Ұйым мүшелері оны мазақтап бастайды, ал кейін бір-бірімен сөзге келеді. Адамдардың қалай қабылдауын білгің келсе осы әдіс қызықты болмақ. «Ұрыс-керіс» көпке созылмайды. Бірақ сол керісті өзіне қабылдап, жағажыртысқа барған соң мәселе шешілді дей бер.

2) Белгілі бір адам жайлы, топ немесе бір жағдайға байланысты қисық сөз, өсек, қауесет айту. Білгішсініп, гугл арқылы біліп алған мәтінді лақытырып қойсаң жеткілікті.

3) Қыз болып танысып, махаббатқа беріле сөйлеп кететін жігіттерді мазақ ету.

4) Шетелдік болып сөйлесу. Ағылшын тілінде әлдебір топқа кіріп алып болмайтын сұрақ қоя салу. Бұдан кейін желідегі адамдар өз білімдерін көрсетіп қалу үшін жанталаса кетеді. Айтылған жауап туралы қайта-қайта сұрап отыра берсең жеткілікті. Ал екіншілері оны түзей бастайды. Намысқойлары бір-бірімен ұрысып шығады да, бар «өнерін» сол жерде-ақ көрсетеді.

5) Психикасы тұрақсыз адамның намысына тию. Мұнда екі жаққа да болысып отыратын қосымша тролльдер қажет, ал болмаған жайдайдың өзінде кез келген адам қарсы позиция болып, намысқой әрі ақылсыздау адамды әзілмен осып өтеді. Әрине, бұдан кейін кездесу. Оның қай қаладан екенін біліп алған соң гугл картасына кіріп, көшелер қиылысы немесе ескерткіш түбіне кездесуді айтып алу керек. Ол желіден шығып, кездесу орнына кеткен кезде алданғанын айтып салу.   

6) Талғамға байланысты дау. Музыка, тағам, кино, ойын, ішімдік... Көпшілік қолдап отырған нұсқаға бір-екі ауыз сөз қарсы сөйлеп, шығып кету. Болды, әрменгісі сенің азығың.

7) Өз-өзімен ұрысу. Екі жақтан екі бірдей қолданушы парағын ашу керек те, өз-өзіңмен ерегесіп, дауласу керек. Екі жақтың да қолданушылары табылған соң басты рөлге ең белсенді дегендерін шығарып қою.

8) Сәтті адам. Суретің мен статусыңды керемет етіп, байқуатты адам ретінде жазып қою керек. Сосын керемет жетістіктеріңді (әрине, ойдан шығарылған) санамалау. Біреулер қызғанады, біреулер сүйсінеді, бір-бірімен талас-тартыс басталады да кетеді.

9) Өзгеру. Барлығымен ұрысып, керісіп алу керек, сол жағдайға әңгімелесуші де жеткен соң бір уақытта мәдениетті адам бола қалып, оның дөрекілігін айыптап шыға келу.

P.S. Троллингты өзге бір мазақтау немесе мүддешіл топтармен шатастырмау керек.



Бөлісу: