МӘДЕНИЕТТІ БОМЖ

 

Бүгін әріптесім Әйгерім Сейфолламен сөйлесіп отырып "біз кімбіз, өзіміз үшін не істедік өзі" деген сұраққа жауап таппадық. Иә, біз журналистикаға аз да болса үлес қосып жатырмыз, анда-санда эфирден жылт етіп көрініп те қоямыз. Оған мың шүкір. Бірақ сырттан қараған адам, бізден бақытты жан жоқ деп біледі. Бірақ.... Өзіміз үшін не істедік. Съемка, текст, монтаж, эфир. Съемка, текст, монтаж эфир... Осылай бірін бірі қуып өтіп жатқан күндер. Бірақ өзімізді, өз жағдайымызды жақсартуды мүлде ұмытыппыз. Әріптесім сұрайды, ата-ана үшін не істеп бердің? -ештеңе! Үйің, жерің бар ма? -Жоқ! Былай қарап тұрсам өмірімнің 10 жылы телеарнада өтіпті. Бірақ не үйім, не күйім, не жинаған қаржым жоқ екен. Ал жұрттың балалары... Бір жерге қонаққа бардым. Дәретханасының өзі бір холл дерсіз. Шыны керек, біздің жатын бөлмеден де кең, одан да жарық)) Ал эфир, тақырып қуып жүрген біз бір пәтердің бір бөлмесінің бір бұрышында жатуға әбден үйренгенбіз. Бүкіл проблеманы ішіңе жұтып эфирге шығамыз. Көрген адам тағы айтады, бұлардан бақытты адам жоқ щығар ә деп... Иә, бақытсыз адам емеспіз. Бірақ жүгіріп жүріп, өз жағдайыңды жақсартуды ұмытады екенсің. күнде басшылар, шенеуніктер арасындасың. Бір көмегін сұрамаймыз)) Ұяласың, одан қалаберді, ертең бір іс болса сынай алмай қаламын дейсің. Ал жаманды жақсы деп эфирде сайрап тұрсаң көрерменді жоғалтасың... Көрерменсіз журналист болғанша, болмаған тәуір емес пе? Айтпақшы... Бірде бір көрермен хабарласады, мен подъезде тұрып жатырмын көмектесе алмасаңдар несіне журналист болып жүрсіңдер деп. Екі күн демалыста күні бойы пәтер іздеп аяқтан аяқ қалмаған мен де ашуланып, подъезде тұрсаңыз жақсы ғой. Мен де сол да жоқ деппін. Бірақ ол мұны түсінбеді, үстімнен күлдің деп қапаланды. Айта берсең көп қой шіркін... Бірақ біз елдің мұңын айтуды үйреніппіз де, өзімізді тағы ұмытыппыз. Не болдық сонда деп іштей күлемін. Бұл сұрақты әріптесіме де қойдым. Аузымыздан шыққан бір ғана сөз. Мәдениетті бомж! Бірақ барға тәубе етпейді екен деп ойлап қалмаңыздаршы... Пендеміз ғой. Бізде де болса екен дейсің... ))) Әке-шешеіңді демалысқа жіберсем дейсің, Елдің балаларына ұқсап)) Дегенмен әзірге осыған да шүкір, көрермен бар, жұмыс бар деп өзімізді жұбаттық. Расында солай... 



Бөлісу: