Флэшка ішіндегі флэшка - бұл вирус!

Флэшка ішіндегі флэшка - бұл вирус!
жеке
блог

Егер де «флэшканың ішіндегі флэшка»  сілтемесінің қасиетін ашып қарасақ, «Объект» деген жерінде келесі жазуды көреміз:

C:\WINDOWS\system32\rundll32.exe ~$WMKAN.FAT32,_rev@16 desktop.ini R3T TLS " ".

Мұндағы ~$WMKAN.FAT32  және desktop.ini флэшкадағы вирустың құрамдас файлдарының атауы. Яғни, флэшкаңызда осындай аты бар файлдар вирустың іске қосылуына себеп болады деген сөз. Шын мәнінде бұл файлдар алғашында сізге көрінбейді. Егер де жасырын файлдарды көрсету режимін қоссақ немесе жасырын файлдарды ашып көрсететін арнайы командаларды пайдалансақ, жоғары да аталған файлдарды көруге болады. Сондықтан мұндай файлдарды көре қалсаңыз, дереу жоюға кірісіңіз. Бірінші файлдың атауы әркез өзгеріп отырады. Тұрақты атау емес. Тек кеңейтіндісі – FAT32 ғана сақталынып отырады. Басқаша айтқанда, вирус әр флэшкаға енген сайын жаңа атпен көшіріледі деген сөз.  Ал сіздің флэшкадағы файлдар мен бумаларыңыздың барлығын вирус «аты жоқ» буманың (папканың) ішіне енгізіп тастайды. Сондықтан да мұндай вирус енсе, флэшкаңызға, онда «құжаттарым жоқ болып кетті» -  деп қапаланбаңыз. Барлығы осы «аты жоқ» жасырын буманың ішінде тұрады. Мұндай вирустық шабуылдан кейін флэшканы қалай қалпына келтіруге болады немесе жасырын түрге енген файлдарды қалай ашып көруге болады деген сұрақтар туындайды. Бұл сұраққа жауапты мен, әрине, бұл жерде толық бере алмаймын.  Себебі, бұл мәселенің жолын түсіндіру үшін компьютердің экранынан алынған суреттер қойылуы керек еді. Ал мұндай мүмкіндік бұл блогтарда шектеулі болып отыр. Егер де кім де кім қажет десеңіздер менің e-mail-ме (runlabstudio@gmail.com) жазып жіберіңіздер. Мен қолымнан келгенше көмектесемін.  Вирустардан сақтанайық!