Қос жұлдыздың жыры.

Қос жұлдыздың жыры.
жеке
блог

Біраздан бері массагетке кірмеппін. Бұл жолы жақсы жаңалықпен. Кеше ғана үлкен сахнада өнер көрсеттім. Ән айттым. Дуэт.


Жыл сайын Алтын Маханбетованың ұйымдастыруымен өтетін "Қос жұлдыз" ән кешіне қатысуға мен де шақырту алдым. Аталмыш концерттің ерекшелігі- дуэт орындалу керек, және бірі танымал әнші, "жұлдыз" болса, ал екінші тұлға өз мамандығының "жұлдызы" болу керек. Дәл осындай талаппен мен де қатысатын болдым. Әрине,әдеттегідей алтын әпкемнің арқасында. Бұл кешке шақыртуды әуелде әпкем Махаббат алған болатын, оның Астанаға көшіп кетуіне байланысты жол маған берілді,оның үстіне мен "әншімін"...Үйдегілер айтпақшы,"әулеттің халық әншісі". Әзіл ғой . Сөйтіп ойламаған жерден, Әпкемнің құрбысы,Мәдениет қайраткері Хадиша Сейітовамен ән айту бұйырды. 


Хадишаның әндерінен бірін таңдау керек болды, бүкіл дискісін көтеріп "ал таңда біреуін, айта алатыныңды" деп Хадем /Хадишаны солай айтамыз/ алдыма қойды. Әндерін тыңдап,жеке кешін қарап шықтым. Әндердің басын тыңдап өткізе бердім,ешбіріне ұзақ тоқтамадым. Кенеттен бір ән қосылды ортасынан жіберіп едім, таныс әуен жаңа әрлеумен. Керемет әрлеу,рок стиль бар. Өштім де қалдым. "Осы" дедім. Хадиша қосты да,бетіме ұзақ қарап, "ниче себе,вкусыңа базар жоқ,керемет таңдау...ну конечно айта алсаң" деді. Сөзін толық тыңдамастан,"болды ,все,осы,точно" деп тұрып алдым. Хадем сонда да күмәнмен қарап "мейлі дисктерді тағы тыңдап көр" деп Шымкентке кетті.


Мен келісім бойынша Шымкентке барып,әнді жазу керек болдым.Хадиша әлі таңданып жүр "точно сол ма? уверена?" деп. Сенімді екеніме әрең сендірген шығармын Шым қалаға жеткенше. бардым. Әйтеуір жазып шықтым. Асығыс болып жолға да ұштым.

Енді қалаға келгенде дайын әрленген әнімізді ала алмай тағы жүгірдік-ау. Концерт күні таяды,ал сол күні Хадишада екі концерт.Филормония мен Студенттер сарайының арасында жүгіру керек болды. Етегі желбіреп жетті. Қызығы мен дайындықта жалғыз болдым,бәрі кезек-кезегімен өз әндерін жұптарымен орындап жатты. Мен сахнаға жалғыз шықтым да "дайын әнімді" орындап шықтым. Ән аяқталысымен бір аға /әнші ма білмедім/ келіп атымды сұрап,әншісің ба кіммен айтасың қайда жұмыс жасайсың деп сұрақты жаудырып,даусың керемет деген мақтаумен қолымды алды. Мақтанғаным емес,бірақ бір марқайып қалдым. Демек,"нәрмәлні" орындағаным ғой. Әйтпесе әуелде өзіме қатты ұнамаған,себебі әнге толық берілмеген едім асығыстықта.  


Қысқасы кеш басталды, танысы да таныс емесі де шұбырып жүр, мен гримерныйдан шықпадым//// Қанша ән айтып жүрсем де үлкен сахнаның аты үлкен сахна екен. Қобалжыдым кішкене. Хадем тәтем "мен бармын ғой,не переживай,әпшең барда алаңдама" деп айтып қойды.  Солай айтып шықтым. Бағасын өздеріңіз бересіздер. 

Әзірге тек фотолар сөйлей тұрсын.

 


Айтқандай мені қолдауға суреттегі екі сұлу келді. Әсем мен Ғазиза құрбым!

 

Ал бұл кештен кейін,шаршаумын. Әнші болу оңай емес,қанша кешті ұйымдастырып әнші -бишілерге айқайлап жүргеніммен мұншалықты өз кезегіңді күтіп сарғайып отыру қиын деп ойламаппын. Әншілерге түсіністікпен қараңыздар деп енді қорықпай айта алам.