Кішігірім қазақша антивирус
жеке
блог

Кішігірім қазақша антивирус

Мен өзім ауыл мектебінде қызмет жасаймын. Бос уақытымда компьютерлік бағдарламаларды құрастырумен айналысамын. Соның ішінде интерфейсі қазақ тілінде бағдарламаларды жасаумен шұғылданып жүрмін.

Ақпараттық технологиялардың қолданылу деңгейі ауылдық жерлерде қаладағымен салыстырғанда төмен екенін мүмкін білетін де шығарсыздар. Ауыл мектептеріне ақпараттық технологиялардың енгізілуі бір жағынан алғанда жақсы іс болғанымен, екінші жағынан мұғалімдерді осы жаңа саланы меңгеруге мәжбүрлеп жатыр. Қазір әр адамда ұялы телефонның болуы күнделікті көрініске айналғаны сияқты, әрбір адамның USB құрылғыларын пайдалануы да күн санап артып келеді. Соның ішінде ұстаздар қауымының бұл "жаңа құрылғыны" күнделікті қызметінде пайдалануы бір үлкен қиямет болып жатқан сияқты. Менің айтайын деп отырғаным ақпараттық қауіпсіздік саласынан сауаты онша жақсы деңгейде болмаған адамдардың осы USB құрылғыларын пайдалануы қиынға түсіп отыр. "Флэшкасындағы" құжаттарын жоғалтып алып, оны қайтадан жазып шығатындар қаншама. Бұл жағдайлар, әрине, сол адамдардың жүйкесіне де әсер етері сөзсіз ғой. Міне, осындай қиыншылықтан шығудың жолы ретінде және ауылдағы қарапайым қолданушыларға көмек ретінде "Флэшка тазалаушы" атты кішігірім компьютерлік бағдарламаны құрастыруды мақсат етіп қойдым.

Жақында осы бағдарламам туралы бір сайтқа жазып едім, оқырмандар жан-жақтан небір сындарды жаудырды. Қысқасы менің бағдарламамды онша қолдай қоймады. Олар әрине, орыс тілді оқырмандар еді. Мен бұл жерде, орыс тілді оқырмандардың сипаттау бойынша "велосипед" құрастырғам жоқ. Бұл әрине, толық қанды антивирус емес. "Антивирус" десек болды Касперский немесе Доктор веб сияқты бағдарламалар көзге елестейді. Бұл бағдарламаларды жүздеген адамдар бірлесіп жазған ғой. Ал мен болсам - жалғызбын. Бұл - бір. Екіншіден бұл жерде мәселе - қазақ тіліндегі бағдарламада болып отыр. Әрине, менің бағдарламамның осы тектес бағдарламалардан да өзгеше өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарламаны ғаламтордағы келесі сілтеме арқылы тегін жүктеп алуға болады:

https://docs.google.com/file/d/0BwdNGHUxcvRCMkhRdTJkcUx0akU/edit?usp=sharing

Бағдарлама туралы толық мағлұматты http://runlab.freevar.com сайтынан біле аласыздар.