Анектод(2)

Анектод(2)
жеке
блог

Темекі тартып әңгімелесіп тұрған әскерилердің арасында полковник анекдот айта қалады . Оның анектодына бір лейтенанттан басқалары мәз болысады. 

Полковник лейтенантқа :

-Сіз , не , түсінбей қалдыңыз ба ?- дегенде лейтенант :

- Жолдас полковник , мен сіздің қарамағыңызға кірмейтін бөтен бөлімшеден едім , - депті .                                                                     

 

 

                                                    ***

 

Студент емтиханға келіп кіріп , дипломатын ашып , үстелінің үстіне үш шөлмек арақ қояды да , профессорға :

 

-Міне , сізге үшеуі , маған осы санға сәйкес баға қойып берсеңіз болғаны , - дегенде мұғалім :

- Мен екеуін ғана алайын ... - депті 

 

 

                                                   ***

Дәрігер : Ішесіз бе ?

- Қаралушы : Қарсы емеспін !

 

                                                   ***

 

Бір келіншек жөргектегі нәрестесін көтеріп , түрме алдында бұзақылығы  үшін үш жылын өтеп шыққан күйеуін қарсы алады . 

 

Күйеуі нәрестені меңзеп :

- Сенің балаң ба ? - дейді таңырқай . Сондай әйелі күрсіне :

- Менікі .... Бұзақылық жасамай тып-тыныш жргеніңде сенің балаң болуы мүмкін еді , - депті 

 

                                               ***

Бұтақ басында екі қарға қонып отыр . Олардың төбесінен реактивті ұшақ зымырып өте шығады . 

-Қызық-ей ! - дейді бірі екіншісіне , - мына құс неге сонша жылдам ұшады ?

-Егер сенің құйрығыңа сөйтіп от қойса , сен де солай ұшар едің , - деп жауап беріпті екіншісіне . 

 

                                                 ***

Бірнеше адам ас үйде преферанс ойнап отыр . Сағат төрттердің шамасында үй иесінің әйелі жұлқына келіп айғайлап :

- Қашанға дейін шыдайсың , қарғыс тигірлер ! Өз үйіңде де түн ішінде дамыл жоқ !

Күйеуі ақырын ғана дыбыстап :

-Қымбаттым , сабыр ет . Бұл енді біздің үйіміз емес , дейді

 

                                                    ***

 

Екі дос кездесіп қалады :

-Тіршілік қалай ?

-Жаман достым . Бір танысыма пластикалық операция жасатуына бес мың бакс қарызға беріп едім , енді оның түрі қандай екенін біле алмай жүрмін . 

 

                                                      ***

 

Біздің есіктің қоңырауын жөндеуге неге бір жұмысшы жібермедіңіз ?

- Біз сізге адам жібергенбіз . Ол сіздердің қоңырауларыңды екі рет басып көріпті де , ешкім ашпаған соң , үйде тірі жан екен деп кетіп қалыпты . 

 

                                                      ***

 

Үш адам шағын станцияда арақ ішіп отырады . Поезд қозғала бастағанда үшеуі де тұра жүгіріп , екеуі мініп үлгереді де , біреуі қалып қояды . Қалып қойғаны тырқылдар күліп , поезд кеткен жаққа сұқ саусағын нұсқап , ішек - сілесі қата жерге құлайды . Мән-жайды сұрағандарға :

- Ана кеткен екеуі мені шығарып салуға келген болатын ....  - дейтін көрінеді күлкісін тия алмай . 

                                                      ***

 

Герцог бір деревянадан өтіп бара жатып ,  бет әлпеті өзінен аумай қалған шаруаны көреді . 

- Айналайын , атй ақойшы , - дейді герцог мысқылмен , - бір кезде осы жермен менің әпкем өткен болу керек - ау деймін ? 

- Жок , геоцог ; - дейді шаоуа . - Бір кезде осы жермен сіздің шешеңіз өткен . 

 

 

Құрастырған :Алпысьбай Боранбайұлы