Қызықты анекдот(1)

Қызықты анекдот(1)
жеке
блог

Темір жол вокзалында жаңадан жолаушылар пойызы келіп , тоқтай салысымен бір кісі жүгіріп барып алдыңғы вагонды басымен сүзіп қалып , өзі ұшып түседі . Бірақ түк болмағандай орнынан атып тұрып , жүгіріп барып екінші вагонды басымен сүзіп , тағы ұшып түседі . Тұра салып , үшінші вагонды жүгіріп барып тағы сүзе бергенде .... бір милиционер шап беріп ұстап алады да :

-Ей , жындымысың , не істеп жүрсің?-деп сұрайды .

Анау:

-"Мягкий вагонды"іздеп жүрмін , - деген екен .

***

Бірге ойнайтын орыс пен қазақтың балаларының бір-біріне мақтанып қоятын сәттері болады екен . Сонда орыс баласы күніне :

"У меня братишка нет , у меня сестренки нет ,Зато "Марс""Сникерс" есть",-деп ұтып кететін көрінеді .

Бір күні осылайша айтып мақтанған орыс досына қазақ баласы :" У меня братишка пять,, у меня сестренок пять , откуда мне шоколад , мама еще екіқабат" - деп ашуланыпты .

***

Соттағы сұрақ :

-Әйеліңізбен ажырасудың басты себебі неде ?

-Күнде түн ортасында шырт ұйқыдан оятып , құлағыма :"Кетуің керек,жаным,менің албасытмның да келетін уағы таяу" деп сыбырлайды да жатады ...

***

-Әке,мына кілемді қағып жатып бес жүз теңге тауып алдым . Не істесем екен?

-Тағы да қақсаңшы , ақымағым ау!

***

 

***

Бір азамат станцияда сыртқа шығып . қайта мінерінде байқамай қарсы кетіп бара жатқан поезға мініп алады да , өз вагонына , өз орнына кеп отырып, жоғарыда жатқан азаматтан :

-Қайда бара жатырсың? - деп сұрайды .

- Ақтөбеге .

Бұл сәл ойланып :"Ойпыр-ай-ә , қазіргі техниканың дамып жетілгенін қойсаңшы , бір мезет,бір вагонда , жоғарыдағы Ақтөбеге , ал мен Алматыға кетіп барамын ..." - деп таңданған көрінеді.

***

базапрда бір кемпір алманың әр данасын 100 теңгеден сатып отырады . Кезекті бір адам келіп одан :

-Апа , бұныңыз сонша неге қымбат ?-деп сұрайды .

- Себебі бұл радиоктивті алма ,-дейді .

-Алушы бар ма ?

-Әлбетте , біреулер әйеліне , біреулер қайыненесіне алады ... - депті кемпір.

 

***

Қолында екі бөлке наны бар , салы суға кетіп тұнжырап бара жатқан танысынан біреу :

-Қайда бағыт алдың ?-деп сұрайды .

-Өмірден түңілдім , пойыздың астына түссем деймін .

-Нан не үшін ?

-Не,пойыз кешігіп қалса,аштан өл деп пе едің ?!

***

200 градустық спирт ойлап тауыпты . Американдыққа ішіп көруге береді . Бір стакан ішкен соң ел сеспей қатыпты . Французға берген екен , ол д а іше салыысымен өліпті . Орысқа ішкізіпті . Орыс бес стаканын тартып жіберген соң :

-Қандай оңбағандық ! Ойлап тапқаны жаңа , сонысына қарамай су қосып үлгеріпті !-деп ренжіпті .

Орыс , өзбек ,қазақ үшеуінен :

-Егер 1 миллион доллар берсек , не істейсіңдер?-деп сұрапты .

орыс бизнес үшін дүкен салатынын , өзбек мықты шәйхана ашатынын айтыпты . Қазақ болса қарыздарымды қайтарамын дейтін көрінеді . Сонда қалғаны ше ?-деген сауал қойылыпты . Сөйтсе қазекең:

-Қалғаны күте тұрады ,-депті.