Проблемалар астында қалған "Реал"
жеке
блог

Проблемалар астында қалған "Реал"

 

   Аяқталып бара жатқан футбол маусымы Мадриддың "Реал" клубы үшін "қара жыл" болып есте қалатын болды. Амалдағы чемпион болып чемпионатды бастаған "Реал" қыркүйек айында жақсы ойындар көрсете алмады нәтижеде "Барселона" ұпайлар бойынша алдына өтіп кетті. 8 ай каталониялықтардың арқасынан қуалаған Жозе Мауриньо шәкіріттері жете алмады. Екі қарсы клубдардың ортасындағы ұпайлар саны 18ге жеткенде "Барса"ның чемпион болуы анық болған еді. Кейін мадриддіктер ортасында келіспеушіліктер шықты. 2012 жылдың желтоқсан айында "Малага" алаңында 2:3 есебінде ұтылғаннан соң жамағатға клубдағы проблемалар мәлім болып қалды. Португалиялык бапкер айыпты қақпашы Икер Касильясға аударды. Бұл нәрселерге шыдай алмаған "Реал"дың сегіз футболшысы құрама президенті Флорентино Пересге ультиматум қойған болатын.

Мауриньо жазда кетпесе өздерің трансферге қоюларын талап етті. Арадан көп уақыт өтпе бұл жағдайлар болмаған деп "AS" тарқатған жаңалықтарды клуб басшылары жоққа шығарды. Бірақ мақал бар ғой "самал болмаса талдың ұшы қимылдамайды" деген. Әр бір ойыннан кейін проблемалар көзге түсіп қалды. Касильясды басқа негізгі құрамаға түсірмеді орнына Диего Лопесді қысқы трансфер базары ашылғанда сатып алды. Ла лига қолдан кетуі анық болғанан соң Мауриньо чемпиондар Лигасын жеңуге әрекет қылды. Бірақ, "Боруссия" олардың финалға жол алуына мүмкіндік бермеді. Соңғы үміті мемлекет кубогынан еді. Кеше "Сантьяго Бернабеуде" "Атлетико" 2:1 есебінде жеңісге жетіп "Реал"ға ауыр соққы берді. Келіп өздерінің стадионында есе жіберу өте ауыр жағдай.  Осылай "Реал" өзі қатнасқан барлық турнирде ұтылды. Жозе Мауриньо Мадриддегі соңғы жылын өткізіп жатқанын алдын айтқан еді.

    "Мен жаңа футбол маусымында "Реал"да болмауым мүмкін. Жұмыстарымды қадырлейтін жерге барамын".

    Жоғарыда айтқанымыздай "Реал"дағы проблемалар клубдың жылды табыссыз өткізуіне алып келді. Криштиану Роналдуде қаңтар айында келісімін созбайтынын айтқан еді. Мадридтіктер тек осы маусымда өздерінің ежелден келе жатқан қарсыласы "Барселона"ға ұтылмадық деп мақтаныш ете алады.