Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі
жеке
блог

Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін.
Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады, ал бұл сайтта сол мой мирдің көптеген мүмкіндіктері қарастырылуы мен қатар басқада мұғалімдерге қажет функциялар қолданылды:

1. өз жеке профиліңіз болады, суреттеріңізді, видеоларыңызды қоса аласыз, профиліңіде обложкыңыз болады.

2. Күнделік — күнделік ретінде пайдалана аласыз, оған кез келген тақырыпта жаза аласыз, тіпті күнделікті өтілген сабағыңызды да жариялап тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, оған басқалар өз пікірін қалдырады, демек пікір алмасу үшін тамаша алаң болмақ.

3. Файлдар — бұл жерге өзіңіздің файлдарыңызды жүктеп қоя аласыз, мысалы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарлары, ашық сабақтың үлгілері.

4. Сілтемелер — бұл бөлімге күнделікті интернетті ақтару барысында өзіңізге ұнаған сайтты, мұғалімдерге қажет деген ресурстарға сілтеме жасап қоюыңызға болады.

5. Форум — бұл бөлімге өзіңізді толғандырған бір тақырып жазып талқылауға ұсына аласыз.

6. Чат — бұл бөлімде агенттегі сияқты, сайтта отырған қолданушымен жылдам хабар алмаса аласыз.

7. Ойындар — бұл бөлімде бірнеше түрлі ойындар қойылған, зеріккенде ойын ойнап көңіліңізді көтере аласыз.

8. Менің музыкаларым — бұл бөлімге өзіңізге ұнайтын музыканы жүктеп қоя аласыз және онлайн тыңдай аласыз.

Сонымен қатар ұстаз бұл сайттың қолданушысы бола отырып, басқалардың жазбасына пікір қалдыра алады, басқалар жүктеген файлдарды түсіріп ала алады, жаңа адамдармен танысып әріптестік қатынас орната алады.

Сайттың дамып үлкен порталға айналуы немесе құрып жоғалуы алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы осындай сайт болуы керек деп шештік те жұмысты бастап кеттік.

www.pedsovet.kz