Менің Анам Алтын!
жеке
блог

Менің Анам Алтын!

Бүгін мен үшін күн ашумен басталғанымен 16-шы мамыр, яғни түнгі 00:00ден бастап ерекше. Бүгін мейрам,бүгін той. Менің Анашымның туылған күні. Жасын айтпайды 18+?? деп қояды,осы санға жылда бірдеңе қосылады. 1959жылдың осы күнінде Марқұм Жібек әжемнің тұңғышы Гүлсара, өз еркелетіп айтатын "Тамашын" туған. Жылда түнде қоңырау шалатын мен таң атқанын күттім бұл жолы,таң атқанда жаңағы мәселе болды. Бірақ таксистпен ұрысып жүрсем де анамды құттықтап үлгердім. "Подаркасын" бір апта алдын қолына ұстатып,мойнына іліп кеткем,сол себепті бүгін көңілім жай. Себебі бұл алынған сыйлық өзгелерден сәл ерекше,қыздың кенже- шошаңбайы алғаш рет өзінің адал термен тапқан ақшасына алды сыйлықты. 

Анамды "апа" деп атаймын. тіліміз  шыққаннан бастап бәріміз де "мама" дегенбіз,Есімде. 7-8 жасымда болуы керек атам Тастанбек "папамызды" "көкеге","мамамызды" "апаға" алмастыруын сұрады. Алғаш үйрене алмай қиналғанымыз да бар. "Мамаңды шақыр" дегенге үйренген әкеміздің осы сөзі аузынан байқаусызда шыға қалса бәріміз "ой мама дедің" деп күлетінбіз. Әжені де "апа" деп атап жүргендіктен екі апаға тап болдық та қалдық. Әжелеріміз отырса "апа" дей қалсақ сол апаларымыздың өзі  "қай апаң?" деп күлдіретін. Сондайда қысылатынбыз,себебі әке-шешемізді,апа-атамызды атымен атап көрмедік. Тіпті "кімнің қызысың?" деп сұраса да "көкемнің я апамның" дегенін ел ұқпай қалатын. білмейтін адамға қызық көрінеді ғой


Анам сабырлы, бірақ уайымдағыш,бір жерде тыныш отыра алмайды,қысы-жазы тоңып,жаурап отырады ,мұны мен күліп айтам ғой жай.сериалды көргенде басына жастық тисе бітті көзі ұйқыға кетеді,ондайда әкем "плооотно прикол ұстайды" сыртынан///


Әжесінің қолында өскендіктен анам шешесін "женше" дейтін. Әжем марқұм Жібекпен құрбы сияқты жүретін. "Өсектері де" мощный болатын хахах.Әңгіме айтқанда "образға" кіріп айтады. Онысына інім кейде жынданады," қойшы тура салып айтасың тегі" деп. Анамның сондай "кәйфін" інім ғана бұза алады. Кенжесі болғасын тым ерке.Оның сөзі заң.

Анамның қызықтарын еске алсам:

Мен негізі жатқан тұрған "өкпе қой" болғам, ол көкжөтелім осында келіп қойды ғой. Жөтелгенде ауа жетпей,тұншығатын ем. Суық ауа жұтуға болмайтын. Анам күн суығанда ,/ауырып жүргенде/ аузыма шарф байлап қоятын суық ауа кірмесін деп. Жолда сөйлесіп келеміз ғой ,менің аузым жабық,сөйлемей қалай жүрем тем более өзі әрдеңе айтады/// Шарфымды алып сөйлей берсем,"жап аузыңды,жап аузыңды" деп қоя береді. Базарда жүргенде осы қайталанды, елдер таңырқап қарайды,мен ұялып болар емеспін. Анам да жай айтпайды ғой,әжептеуір қатты дауысы бар. Шыдамай "апа,жап дей бермеңізші, көргендер жап аузыңды дегенді жаман түсініп жатыр,мені ұрысып жатқан сияқты бәрі маған қарап" десем, "енді не деп айтам,онда жап аузыңды" деген да/////


2 курста болу ауылдың бір жігітімен жақын сөйлесіп,кездесіп жүргем. Ата-анасымен де танысқанмын ғой ұят-ай. Әкемнен қыздарының бірін сұрап,құда түскісі келгенінде кіші әпкем келіспеген-ді,мен кішімін деп сылтауратқам. Әкем кішкене ренжіген менің жақын достарым еді деп. Сонда анам жұбатқан болып,"Қазынаң алысқа кетпейді алаңдама,арықтың арғы бетіне шығады"депті. Соны кешке мәз болып маған айтып отыр анам. Мен оны естіп,/ол кезде жігітпен мәселені шешіп қойғам "жүрмейтін болып"/ анам "сен лотоктың арғы бетіне шығасың деп айтып қуантырып қойдым" дегеніне "өзің шыға бер лотоктың арғы жағына тимеймін" дегенмін ғой,анам күледі .

Анамның хит мақалдары бар: "Жаманның әлі жапалаққа жетеді"-мені інім көп ұрып жылататын сол кездегі жапалақ мен ғой////

"Жұрттың Ыбырайы-Ыбырай,біздің Ыбырай-сұмырай"- ондағы сұмырайлары айтқанын тыңдамаған біздер.

"Жұрттың балдары....."

"Пәлегі ащы,түйнегі тәтті"-келіндерге қатысты дальше комментировать не буду хахах. осындай сөздері көп,әзірге есіме түскені осылар.

Шалын,/әкемді" особо любит хахах. 

Не болса да, сол шалдың кемпірі болып, біздің балаларымыздың балаларын көрсе одан асқан бақыт жоқ! 

                 Аналарымыз аман болсын!