Ұлы шовинизм!

Ұлы шовинизм!
жеке
блог

Шовинизм - (французша chauvinisme  Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз - шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон реставрациясы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.  

Тіпті Лениннің өзі, оның кезіндегі белгілі саясаткерлер де басқаларға Ұлы шовинизмнен сақтаныңдар, оған қарсы күресіңдер деп айтып кеткен. Сонымен шовинизм деген не? Бұл шектен шыққан беріктік пен адалдықтың бір түрі ме?! Баршамыз білетіндей кез келген нәрсе шектен шықса, басқа жаман жағына қарай ауысып кетеді, шектен тыс дұрыс адам (слишком правильный человек) дегендей. Бірақ меніңше, шовинизмге қарсы тек шовинизм тұра алады! Иә, шовинизм жағынан кей ұлттарға тең келетіндер аз, өйткені олар өздерінің ұлттарын классикалық, бірінші санаттағы топқа жатқызады. Оған бірнеше себептер де бар, ол ұлттардың бірқатар салалардағы, ғылымдағы жетістіктері. Бұны - "Ғылым тауып мақтану" дейік пе.. Оны білген кез келген ұлт өкілі басқа ұлтпен салыстырып, білдірмесе де, өзін олардан саналы түрде жоғары қояды. Біреудің ұстанымы мынандай болуы мүмкін: «Әлемді өзгертем дегенше, адам өзін өзгертуі керек», бірақ жаһанға өзгеріс енгізу мақсатында кез келген адам өзінен бастап бірдей өзгерсе, әлемнің елеулі бір бөлігі өзгереді деген сөз емес пе?! Мәселе санда және біреудің жетегінде кетпеуде болып отыр ғо. Шовинизм сонымен қатар ол - басқа мәдениет пен тілге берік блок қою амалы. Түсінуге де тырыспау, бүгінгі күнмен қарағанда кез келген жерде, отырыста, сайтта өз тілінде пікір қалдырудың өзін алсақ. Шовинистер өздерінің көзқарастарын басқа ұлт өкілдеріне солардың тілдерімен түсіндіру үшін бас қатырмайды. Олар аз болса, қоғамнан оқшауланады, ал көп болса үлкен күшке айналады. Кез келген салада шовинизм белгілерін байқауға болады, оның ішінде мысалға сайттарда: Ютубтағы Батыстың белгілі бір видеоларына арабтардың немесе испандардың өзінің туған тілдерінде пікір қалдыруларын алсақ. Әрине, бұл әрбір ұлт бойында көптеген жылдар бойы қалыптасатын түсінік, ал қазақ - шовинист ұлт бола алады ма?! Және ол керек пе бізге? Біз сол арқылы тіліміздің қолданыс аясын кеңейте аламыз ба? Басты сұрақ осында.