Жалғандықты жаным сүймейді деп айту да жалғандық.

Жалғандықты жаным сүймейді деп айту да жалғандық.
жеке
блог

Біз үнемі жалғандықты жек көреміз дейміз. Соның ішінде жалған майысу, жалған сөйлеу, жалған күлу, жалған көріну, жалған қылымсу, жалған жылау, жалған талғам. Міне осының бәрін жек көреміз , жалғандықты ұнатпаймын, мен ондай жалғандықтарды жасамаймын деп тағы да жалған айтамыз. Кей кездерде тіпті жалған ойлап та кетеміз. Барлығы тілек айтқан сәттегідей жаттанды дүниелер.

Мысалы: Қыздардың көбісі сүйкімді жігіт көрсе жалған майыса қалады. (Кей кезде сыртқа көрініп те тұрады. Жүз жыл қасыңда жүрген қыздарды да танымай қаласың.)

Жалған күлу. Қасыңда отырған адамның әңгімесі қызық болмаса да жалған күлесің, себебі әртүрлі болуы мүмкін.(ренжіп қалмасын деп, өзін ыңғайсыз сезінбесін деп т.б.)

Жалған көріну. Көбі суретке түскенде әдемі жерлерге түседі. Мирға кіріп көрсеңіздер әдемі үйдің, әдемі машинаның алдына тұрып түседі. Біреудің болмаса міреудің ойында авамдағы машина менікі деп ойлап қалсын деген ойы болғанына бәс тігуге бармын.

Жалған киіну. Қыздардың көбісі тойға барарда көйлек іздеуі заңды дүние. Кейбірі көйлек қана емес. Аяқ киім, сақина сырға дейін біреудікін алып кетеді.Мақсат қандай? Сұраған таныстарына өзімдікі дейді. Көршімнен алған едім деп айтпайтыны анық қой енді.

Жалған  мінез. Өзінің стерва(немесе жуас )мінезін көрсетпей, жасанды мінезбен жүргендер де аз емес.

Жалған  талғам.Дүкен аралағанда мұндайды көп көресің. Басасына қарап бұл менің талғамым дейді. Шын мәнінде оған солқымбат заттың қасында түрған арзан зат ұнап тұруы әбден мүмкін. Бірақ қасындағылар  басқаша ойлап қалмасын деп немесе сенің талғамын осыншалықты арзан ба деп айтпасын деп жалған талғам жасап алады.

Жалған  сөйлеу. Ешкім білмей қалады ау деген кезде жалған сөздер әркімнің ақ  аузынан шығады. Әсіресе қыз бен жігіттің арасында жалған сөйлеу өтеее көп. Ол мен туралы жаман ойлап қалмасын деп айттым деп ақталып жатады.

Кейде бұл жалған дүние деп өмірді де жалғандыққа теңеп жатамыз. Бұлай дегенім өмір тек жалғандықтан түрады дегенім емес. Бар болғаны жалғандық туралы жалған сөйлемейік дегенім.