Қарғыс арқалағандар немесе сіз қарғысқа сенесіз бе?!

Қарғыс арқалағандар немесе сіз қарғысқа сенесіз бе?!
жеке
блог

       Сіз қарғысқа сенесіз бе?

       Қазақта «қарғыс алу» өліммен тең деген сөз бар. Жалпы осы қарғыс адамның өміріне шынымен де әсерін тигізе ме? Бұл ой маған «Невыдуманные истории»атты кітапты оқығаннан соң келген болатын. Мазмұнын сіздерге де айта кетейін.Бұны бір қыз жазыпты. Онда:

       Менің оқып жүрген кезде Аня  деген құрбым болатын. Ешқашан өмірді шынайы көрмейтін. Клуб қаңғып жүре беретін. Бір күні оған қашан үйленесің деп сұрадым. Бірақ ол «менің пешенеме отбасы бақыты  жазбаған» деді де қойды. Содан оқу бітіріп он жыл өткен соң оны қайта көрдім. Мен ол кезде үйленіп, екі балам болған болатын. Ол әлі үйленбепті. Үйіне шақырды, шай ішіп отырып айтқан сөзі есіме түсіп мәнісін сұрадым. Ол біраз сілтеп алды да, әңгімесін бастады.

       Менің әжем өте сұлу кісі болыпты. Оның көзқарасының өзі жігіттерді бірден құлататын болыпты. Тіпті кейбірі сол көзқарасына зар болған көрінеді. Содан  өз ғашығын тауып, қосылыпты. Бірақ оның әйелі үш баласы болған көрінеді. Той үстінде әйелі келіп қалып «Лизка сен қанша әдемі болғаныңменғ сен бақытқа кенеле алмайсың. Себебі сенің тұқымыңдағы қыздарың ер адамның бақытын сезіне алмайтын болады ал ұлдарың ...»деп сөзін аяқтамай кетеді. Содан  әжесінің күйеуі суға түсуге кетіп, қайта оралмайды,  Одан  бір ұл болады. Екінші рет үйленіп одан қыз болады. Бірақ ол да қайтыс болады. Неден екені белгісіз. Ұлы  суық тиіп қайтыс болса . Қызы менің шешем болатын. Одан кейін ол кісі үйленбепті. Ал шешем үйленіп менің туғаннан соң әкем суға батып өледі. (ваннада жатып ұйықтап кеткен). Екінші рет үйленгенінде  2 ұл туады, бірақ бәрі қайталанып екінші әкем де белгісіз жағдай да қайтыс болады. Екі бауырымды тоқ соғып өлтіреді. Міне содан қайғыдан шешем кетті.  Біздің тұқымда мен ғана қалдым. Мен үйленіп ешкімнің өмір жасын қысқартқым келмейді деп сөзін аяқтады.  Шынымен де қарғыс тек бір адамға ғана емес оның айналасындағыларға да әсер ететіндігі ме?! Жалпы сіз қарғысқа сенесіз бе?!