Әже - Әдемі Әлемім....

Әже  - Әдемі Әлемім....
жеке
блог

Батпақ қаладан аяғымды суырып алып, суыған көңіл мен  қаталдау жүрегімді жібітуге, адамзат арасынан шынайы мейірім сезінуге балапан көңіл  Өзіңе жол көрсетіп, өткен мен кеткеннің ұлағатты уақыты турасында ыстық бауырсағыңыз бен өзгеше кермек дәмді қара шайдың буымен кеш батыратын едік...Қайтар жолда ауыл дәміне толған сарқыттан бұрын, жүрегіме қонған ұлағат пен ізгілікке байып қайтатын едім. Жолымның дара , қыз болмысқа күрделі, соқпақты екенін басқалардай ашық айтпайтын   едіңіз, іштей бәрін де біліп, сезіп жүретінсіз, бетінен қақпай арман көңіл Алматы деген қарлығашыңызды  қанатын қатайтып ұшырдыңыз ... Ана жүрегінен жұлып алып, бұлдырағын арман алысқа баласын  босату үшін де әзиз  жүректің батылдығы керек шығар...

Сол жылдардан соң ... Бүгінде...

... Мен үлгермей қалдым. Соңғы нұрлы жүзіңізді аппақ, мейірімге толған жансыз,суық қалыпта көрдім. Жоқтаушылар жыласқан бұл күнде мен өзіңмен іштей ұзақ  сырластым. Ішімде байланған сан түйінді ағытып, өксікті өзегіме тыйып ұстап,айтар ақылыңның аясындағы "көз жасыңды  көрмейін" деген тілегіңді орындап  бақтым, әрі мұның бәрі  де түс сияқты...

 Сіз менің көп қызығымды көз алдыңызға елестетіп, қызыл дипломыңмен бір келерсің, мен сүйіп қалдым деп қолұстасып батырыңмен бір келерсің, енді бірде жүрегің жарылып,жаның ашылып қолыңда көтерген қызың болар деп күліп отыратын едіңіз... Осының бәрін де көрмей кететініңізді сездіңіз бе, елестетіп алып, ертегіге сенгіш немереге ертегі өмір жиі құрап беретін едіңіз...

Cол тәтті қиялымның бірінде өзімді Өзіңізсіз елестете алмаппын. Киноның мың түрлі кадрларын қиып, қиыстырып,қиялмен құрап маман болған менің басы бар дүниенің соңы барын ерекше түсінетін түйсігім өмір шексіз  емес екенін білсе де, санам ешқашан Сізді ажалдың жанынан көрмепті. Көргенімде ертегі әлемнің іргесі шағылып,балалық бал-бұл ұшқандай,жанарымның , жүзімнің, ойымның, бойымның өзгеріп, батпақтан балақты суырып алар, тіршіліктен қашып, жанына тартар орныңның бос қалғанына қарап, әжесінің мойнына асылған бақытты балаға қызығып, "Менің әжем жоқ"дегенді дауыстағаным, дала жүрегіндегі жалғыздығым сияқты жаңғырып қала берді.

.... Сенбеймін...  (Өлімге.... )

Мен оралған сәтте жолымды күтіп, маңдайымды сүйіп, ыстық шайыңды бересің ғой, Әже! Бір сәтке балалығымды сағынуым, Сені сағынуым екен ғой!!!

Сенемін... Алла Жалғыз Құдірет иесі...

Алдымен Раббыңды таны,адамдық Алла деуден басталады дейтін нақылыңыз бар еді... О дүниенің таразында жақсылыққа тартар сауаптарыңыз бен ұлағатыңыз, иманды ғұмырыңыз  жаныңызды жұмақтық еткей!(Амин!) Бапталған немеренің базарлы өмірінің бақытққа толуына тілеген тілек пен жасалған амалдарыңызға менің  таза еңбек, ар,намысым қатарласатын болады.

 Әжетайым... Бетіңдегі шимайлармен сұлу едің... Ақ шашыңның ағарғаны даналығың сияқты еді... Таяғыңа сүйенген жүрісіңнен, баланың қылығына тән тәттілік көретінмін...Сен тұңған сыр, мөлдір бұлақтай едің... Арманым алыста болып, сол бұлақтың суына қанбаппын, енді шөлдегенде Арман орынын ауыстырып Сенің артыңа қарап, жылап қалған сияқты...

Жаламашы... Жыламадым... Жыламайық...

Жалғасқан тіршілікте Алла жандыны Жарылқа...