Тек сен ғана, аяулым
жеке
блог

Тек сен ғана, аяулым

Бір адам әйелінен сұрайды:

—  Менен өткен сымбатты жігіт бар ма?

Жұбайы сәл қабақ шытып, сосын жауап беріпті.

—   Білмеймін.

Күйеуі:

—   Менен де асқан жақсысы бар ма?

Жұбайы тағы да:

—   Білмеймін.

—   Менен де өткен қамқор адам бар ма?

—   Саған білмеймін дедім ғой!

Күйеуі:

—   Қалай білмейсің?!

—   Иә, білмеймін.Сен барда неге мен басқаға көз салуым керек!  –депті. :)