Әлихан Дүйсенбай
жеке
блог

Әлихан Дүйсенбай

Әлихан Жұмабекұлы Дүйсенбай - Сыр елінде туған елдің азаматы. Әлихан Дүйсенбай Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Өзі сегіз қырлы, бір сырлы азамат! Өйткені Әлихан термеші, жыршы, эстрадалық әнші, әрі асабалық қырында қатар алып жүреді.  "Алтын Самұрық" продюсерлік орталығының жеке әншісі, "Астана-Дарын" өнер орталығының мәдени іс-шара бөлімінің жетекшісі қызметінде атқарған. 2006 жылы Атырау қаласында өткен "Шернияз жырау" конкурсының дипломанты. 2007 жылдың Астана қаласында өткен халықаралық жастар "Шабыт" фестивалінің 1-ші орын иегері.  Қоржынында көптеген эстрадалық әндер мен термелер бар. "Бабалар аманаты" атты термелер жинағы бар. Эстрадалық бағытта "Мен саған ғашық емес ем", "Ауылым", "Жүрек сыры", "Сенің бейнең", "Ажарлым" атты әндері бар. "Жүрек сыры" мен "Ажарлым" әндеріне бейнебаянда түсірілген. Болашақта Әлихан бауырымнан үлкен үміт күтемін. Әуезді әндер мен ой салар әдемі термелер күтемін. Егер өнерімен таныс емес азаматтар мен азаматшаларды Әлиханның термелерін,  әндерін тауып алып, тыңдауларыңызға болады.

Сыр елі, жыр елінің азаматы.

Қазыналы Қазалыда дүние есігін ашқан.

 

Ақұдайлар аудандары

 

Кіші жүз-Әлім

Өнердегі аға-әпкелері

Өнердегі ұстаздары мен достары

Терме орындау сәті

Терме айтып тұрған сәті

Әлихан Дүйсенбай

Әлихан Дүйсенбай

Бильярд ойнау сәті

Бос уақытында бильярд ойнағанды жақсы көреді.

"Бабалар аманаты" атты терме жинағы

Бабалар аманаты

Демалу сәті

Бурабайда демалу сәті

Жерлес бауырымның өнерін жоғары бағалаймын.

Бауырым

Дайындаған: Гульфайруз Берікқызы