Ринат Темірболатұлының жобасы: "Қазақтың сөздәйегі"

Ринат Темірболатұлының жобасы: "Қазақтың сөздәйегі"
жеке
блог

Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:

"Мен тұтас қазақпын. Мені бөлшектеу мүмкін емес! Мен бір қазақ емеспін, бар қазақпын." - Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

"Мен тұтас қазақпын. Мені бөлшектеу мүмкін емес! Мен бір қазақ емеспін, бар қазақпын." - Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

 

Айқап.kz сайтының жетекшісі - Ержан Алаш дайындаған сурет

 

"Алыстан "Алаш" десе - аттанамын, Қазақпын - "Қазақ" десе мақтанамын. Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!" © Міржақып Дулатұлы

 

"Құм жиналып тас болмас, құл жиналып бас болмас" Бұқар Қалқаманұлы.

 

Міржақып Дулатұлы - ОЯН ҚАЗАҚ!

 

Абай Құнанбаев - Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос.

 

Ахмет Байтұрсынұлы - Жұрт Ұқпаса, ұқпасын. Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін.

 

Махамбет Өтемісұлы - Ереуіл атқа ер салмай