Эндрю Карнегидің – қаржылай сәттілікті жетілдіре түсу пәлсәпасы туралы

Эндрю Карнегидің – қаржылай сәттілікті жетілдіре  түсу пәлсәпасы туралы
жеке
блог

Эндрю Карнегидің – қаржылай сәттілікті жетілдіре  түсу пәлсәпасы туралы

Өмірдегі кез-келген сәтсіздіктердің өзінде – жаңа мүмкіндіктердің ұшқыны болады. Тіпті, дене ауырсынуы адамды қоршаған ортаға басқаша қарауға шақырады. Сенсеңіз де, сенбесеңіз осы. Америкалық философ (пәлсәпашы), жазушы әрі ақын Ральф Уолдо өзінің «Вознаграждение» деген кітабында бұл туралы бүге-шігесіне дейін дәлелді пайымдарын келтіреді. Өткен өмір қателіктерін зерделей жіті қарап, ой елегінен өткізуім маған көп пайдасын тигізді. Барлық пенденің бойында өмір қиындықтарын жеңіп, жетістіктерге жету үшін қуат күші жеткілікті. Сонымен қатар тән сырқатының өзі дұрыс айла-тәсіл қолдана білген жанға жаңа жетістіктердің  жаршысы бола алады.

     Бірде Лос-Анжелесте (Калифорния) соңғы тоғыз тісімді жұлдыруға тура келген соң, тіс технигінің (дантист) кабинетіне кірдім. Орындыққа жайғасқан соң, дәрігер үстіңгі және астыңғы жақ сүйегіме бір-бірлеп  жансыздандыру инесін салды. Уақыт өтіп жатыр. Жансыздандыру дәрісінің әсерін байқайын деп дәрігер аузымды ашып қарай бастағандай болды, (бәлкім, маған солай көрінген болар). Ақыр аяғында шыдамын таусылған соң; «Дәрігер мырза, таппай жатырмысыз, іске кірісетін кез әлдеқашан жетті емес пе?» - деп сұрадым.

     Маған ерекше таңданыспен қараған дәрігер: «Сіз не туралы айтып отырсыз, түсінбедім. Жұлынбаған үш-ақ тісіңіз қалды, ал алты тісіңіз столда анау жатыр!» - деді.

     Түк сезбегеніме өзім де аң-таң қалдым! Сонсоң дәрігер екеуміз беріле әңгімелестік, дәл осы сәтті басыма “жаңа мүмкіндіктердің оң өскіні” туралы ой сап ете қалған еді. Дәрігермен болған жай, әңгімеміз маған тағдырдың сыйындай болды. Тіс дәрігеріне барғаным жайындағы бұл оқиғаны оқыған мыңдаған адам разы боларына мен кәміл сенем.  “Жаңа мүмкіндіктер он әсері” туралы мен қалай болғанда  да сіздермен ой бөлісуге тырысамын. Сонымен дәрігер тістерімді түгел жұлып болған соң менен былай деп сұрады: “Мен сіздің тісіңізді жұлып жатқанда сіз қандай терең ойдың тұңғиығына баттыңыз?” «Лос – Анджелес радиостанциясы бағдарламасының жексенбілік шығарылымын ойша бар ынта – шынтаммен дайындалып отырдым, өзім осында болғанмен ойым сонда еді,» - деп жауап бердім.

     «Таң қаларлық! Осы жасқа келгенше дәл сен секілді, міз бақпастан тісін жұлдырған безбүйректі көргенім жоқ! Осыншалықты төзімділігіңіз бен ұстамдылығыңыздың сыры неде жатыр, құпиясын айтынызшы», - деп қиылды дәрігер.

     «Түкте құпиясы жоқ – мен жай ғана осы ахуалға  ыждаһатты түрде өзімді, ойша дайындадым. Тіс кабинетіне кірмей тұрып, ой-санамды бұл жерден аулаққа алып қаштым. Бар ойымды жұмысыма жұмылдыру арқылы  ішкі үрейді тізгіндей білдім!» - түсіндірдім.

«Адам сенбес жайт!» - деп таңданыс танытқан дәрігер  сөзін одан әрі жалғады: «Сіздің бойыңызда мыңдаған жанға жәрдемге жарарлық машық бар! Егерде бір күні осы туралы кітап жазар болсаңыз, Американың түкпір–түкпіріндегі тіс дәрігерлері шексіз бақытқа кенелер еді және кітабыңыз милиондаған тиражбен жарық көретіне еш күмәнім жоқ!»

     Сол күні дәрігер кабинетінен шығысымен кітап жазуға бел байладым, ол кітапты қазір сіз оқып отырсыз. Басты мақсатым – тән ауырсынуын жеңе білуді үйрету болды. Бүгінді таңда  сан мыңдаған адам санадағы сүреңсіз ойлармен  күресуге және жеңуге болатындығы жайлы жақсы білетіндігі көңілімді марқайтады.

Тән ауырсынуын (физическая боль) тежеудің менің ұсынуымдағы ерекше жағы – ол қаржылай жетістікке жетуге де негізделгендігінде және барша жанға көмегін тигізуде деген ойдамын. Бәрі де ірі америкалық өнеркәсіп иесі, танымал қайырымды жан Эндрю Карнегидің – қаржылай сәттілікті жетілдіре  түсу пәлсәпасы туралы жауапкершілікті қажет ететін ұсынысына бастау алды. Осылайша елу жылдан артық уақыт ішінде мен Американың  елуден астам тәуір тұрмысты тұрғындарының тұрмыс- тіршілігін тыңғылықты түрде зерттеп шықтым.

Тән ауырсынуын ауыздықтаудағы адам бойындағы басты нәрсе – сол күйге ой-сананы дайындай білу болып табылады. Айталық, мектеп оқушысына жоғарғы математика ілімдерін меңгеру үшін, оған қарапайым ғана қағидаларын игеріп алуына тура келеді. Бұл қағида біздің айтып отырған жайларға тікілей қатысты, яғни тән ауырсынуын  жеңу үшін – жетістікке жету ілімінің қарапайым қағидаларын меңгеруіміз шарт.

Осы кітапты төзімділік таныта парақтап, ілгері жылжи түскен сайын, бұл өмірде біз байқай бермейтін құндылықтардың соншалықты көп екендігіне көзіңіз жете түседі...