Өткенде жазған хатым еді...

Кездескенде дым демейтініміз бар.............     Кенет.   Кенет поштаңа хат салғым келді.  Сылтаусыз...  

 
         Алақаныңды қысып тұра бергім келген... Сол сәт неге уақыт мүлде тоқтап қалмады екен?   Сенің торғын жүзіңе қарап тұра беріппін ғой...  Қалғаны есімде жоқ...  Сосын шайтан арбамен көшеде бара жаттым....  

          Мынау пернелер тағы теріле бастады...  Олар да саған барарын сезетіндей.  Іздеусіз табылып жатыр емес пе?!!!  Қайтсін...

           Күткен көктеміміз ....    Лезде көк теректің басына шығып үлгерді.   Біздің де сусып құлаған құмсағаттың  құмындай аз ғана ғұмырымыз қалған шығар?  Оған тіпті ой жетіп пе?     Дәл қазір мына әлемдегі сағыныш атаулы менің жүрегіме қонақтап алған сияқты...  Сағына берем.    
      
          Кездескелі  көп тұманның арасына ендім  де кеттім...  Дым көрер емеспін.  Сен....  Сен кетіп барасың көз ұшында. 
    
         Әсілінде....  Мынау қызығы мол ғұмыр еді ғой.   Мен үшін мүлде керісінше болып кеткендей.   Ештеңеге  зауық соқпай  жатқаныма қашан?  Жатақхананың терезесінен анда санда бас созып дала жаққа қарағаным болмаса...
 
         Төбесі терезеге тірелген мына қара ағаштың да күн сайын көгі артып  барады.... 

         Кешегі шалынған қоңырауда да еш үн қатпадық...  Пысылдап шыққан діріл аралас тынысымызды тыңдап біраз жаттық та,   тұтқаны қойдық...

         …………Мен сені алғаш өңімде құшақтадым....



Бөлісу: