Сарқыт

Сарқыт
жеке
блог

     Жапондармен кейбір біздің дәстүрлер ұқсап жатады. Мысалға тойдан қайтарда сарқыт салу дәстүрі:) Бірақ әрине біздегідей торт жағылған алма, келесі бөлікте ет деген сарқыт емес:)))))))) сол тойдан есте қаларлық сувенирлер таратылады көбіне. Сосын бір жаққа қыдырып қайтқанда сол жердің дәмін алып келу керемет дәстүр болып қалыптасқан. Оның арқасында кішігірім цехтар, кәсіпкерлер нанын тауып жатыр. Себебі тек сол жердің ғана бар деген түсінік біздің елде жоқ қой. Жапониядан жеті есе үлкен болса да, біздің ел қайткенмен де атпен анды мынд шапқылап жүрген ғой адамдар. Сол үшін қайда барсаң да сол ет пен жайма, ну мүмкін бауырсақтың формалары бөлек демесе, былайынша ұлттық тағамдарымыз біркелкі ғой.

   Осы постты жазуыма себепші болған бір сурет, кеше үйге қайтып келсем осыны қойып қойыпты кіре беріске, мен тұратын кішігірім үйден бір қыз солтүстіктегі Хоккайдоға барып келіпті де, осы бір шоколадты бізге сарқыт қып алып кепті. Шаршап келген кездегі көңілді жадыратар бір нәрсе  ^_^