Массагеттің намысын қорғаймын деушілерді шақырамыз!

Массагеттің намысын қорғаймын деушілерді шақырамыз!
жеке
блог

Құрметті Массагет порталының қолданушылары!

Сіздерді Самсунг компаниясының қазақстандық блогплатформалар арасында ұйымдастырып жатқан конкурсқа қатысуға шақырамыз:

"Фотоаулау" деп аталатын сайыстың өтетін уақыты: 13.05.2013 - 17.05.2013.

Сайыстың өтетін орны: Алматы қаласы

Сайыс ережесі: Әрбір сайт 5 адамнан тұратын команда дайындауы керек. Топтар Вконтакте және Фэйсбук сайттарындағы арнайы промо-беттер арқылы тапсырмалар алып отырады.

Топ мүшелерінің мақсаты - жұмбақты шешу арқылы Алматы қаласының бір жерінде тұрған белгілі объектіні тауып, сол жерге барып, жасырылған нәрсені суретке түсіру. Фотосуреттер конкурстың промо-бетшесіне жүктелуі тиіс. Сайыстан соң Samsung Electronics компаниясы жеңімпаздарды анықтап, қатысушыларға арнайы сыйлықтар үлестіреді.

апр

Массагеттің намысын қорғаймын деген кез келген қолданушы өзі туралы ақпаратты төмендегі пікір алаңына жазуына болады.

Немесе мына контактілер бойынша хабарласыңыздар:

Электронды почта: massaget.kz@gmail.com

Байланыс телефоны: 8 771 300 37 08

 

Өтініштер 09.05.13, Алматы уақыты бойынша 12.00-ге дейін қабылданады.