Жәутеңдеген қара көздер!

Жәутеңдеген қара көздер!
жеке
блог

 

        Періштелер кімді күтеді, неге мұңайады, олар туа сала неге көзінде мұң, жүзінде қаяу болады? Періште дегенім өмір есігін енді ғана ашқан жас сәбилер.

       Жұмыс кезі, арпалыс сәттің бәрі артқа қалып, демімізді ала бастаған уақыт болатын. Кенет бір ой мазалап болмады. Ең бірінші палатада кішкене ғана сәби жатыр. Жалғыздан жалғыз. Іздеушілері де жоқ. Оны уайымдап жатқан адамдар жоқтың қасы. Екінші палатада екі бала жатыр оларды күніне кем дегенде бір рет келіп жағдайын сұрап кетіп жатады. Ал бірінші палатаға жұмыскерлерден басқа ешкім кірмейді. Өкінішті-ай. Ата-анасы туа сала тастап кеткен екен. Содан күтімі нашар болып ота жасататын жағдайға бірақ жеткен. Ота жасалды, жағдайы өте нашар болды басында. Үмітіміз үзіле бастаған, төртінші күні ғана қалыпқа келе бастады. Қазір жағдайы жақсы, тамақтанып жатыр, атын Бейбарыс қойдық. Өзі өте сүйкімді, қылығыда тартымды, қарасаң көзің тоймайды. Бұл нәрестенің жағдайы жақсарғаны біздің жетістігіміз. Әсіресе Асхат екеуміздің. Күнделікті қарайтын бала болғандықтан бауыр басып кеткенбіз.

        Менің айтпағым жақында жарасынан құлан таза айықса кім келіп шығарып әкетеді, күтімі қалай болады. Далада қалмас-ау, бірақ ата-ананың орны бір бөлек емеспа? Әр қараған сайын көзінен мұң байқалады, нәрестелер сияқты күлуді де білмейді, есіктен көзін алмайды, біреуді күтетін сияқты. Мен білсем ол анасы шығар. Аналар неге осылай сәбилерін тастап кетеді? Қалай ғана тастауға батылдары жетеді? Кейін өзегін өрт өртемейді мекен? Ана өмірде жауапқа тартылатыны естерінен шығып кеттіме? Осының бәрі неден пайда болады? Осылайша әрбір дүние есігін ашқан сәбилерді жәутеңдетіп тастап кете берсек, біздің болашағымыз не болады? Олардың жағдайлары қандай болады? Ойланайық бауырлар!!!!!!!!!!