Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1:0 (фотолар)

Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1:0 (фотолар)
жеке
блог

Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі, сонымен төменде фотолар:

 

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.

Касса алды ажиотаж.

ФК Жетісу оқушылары

 

ФК Ордабасы оқушылары

 

ФК Тобыл жанкүйерлері.

 

Жалауша алмасу

 

Нұрбол Жұмасқалиев.

 

Ойын басы

 

Бугаевтың өкініші - Сидельниковтың қуанышы.)

 

Бадло мен Джолчиев

 

Кездесудегі бірінші және жалғыз гол авторы Марат Хайруллин.

 

Доп қақпа маңдайшасына тиіп кейін серпілді..

 

Бірақ Мара бастаған ісін аяғына апарды.)

 

GOAL!!!

 

Бірінші тайм аяқталды. Үзіліс кезінде жас футболшылар марапатталды.

 

Екінші тайм басы.

 

Нұрбол мен Марат

 

Бугаев: Пөрке? деп сұрауда.))

 

Камерадан тығылу дейік пе.)))

 

"Әріптестер".

 

Нұрбол: Менен не кінә?!

 

Сәтті пайдалану

 

Негізгі уақытқа қосымша 3 минут берілді.

 

Ойын аяқталды, қорытынды есеп 1:0 қожайындардың пайдасына.

 

Тұрақты көрермендер.

 

Рахмет!

 

Flawless victory!!!

 

А кім айтты футболда махаббат жоқ деп, а?!

Назарларыңызға рахмет!

Видеолар:

Қазақстан әнұраны кезінде

Жанкүйерлердің толқын жасауы