Қысқа әңгіме

Қысқа әңгіме
жеке
блог

Бірде ініме айттым:

-  Сабағыңды жақсы оқы, кейін сені мықты мектепке береміз. Сосын сен күшті жерде жұмыс істейтін боласың.

- Жоқ, мен футболист боламын ғой, - деді інім. Аузыма құм құйылғандай үндемедім.

« Жақсы, арманыңа жет» дедім іштей ғана...

 

Криштиану Роналдудың оқушы кезінде мұғалімі сұрапты «Кім боласың?» деп. Сонда «футболист болам» деген екен. Мұғалімі «Басқа мамандық таңдасайшы, футболист болсаң, ақша таппайсың!» деген екен. Сөйткен Роналду қандай қазір!

 

Очм, түсіндіңіз ғой. Бүгінгі әңгіме мамандық жайлы. Өмірде екі нәрсе таңдаудан қателеспеу керек, не нәрселер екенін айтпай-ақ білесіз.

 

Бұл әңгімем мектеп бітіріп қойғандар мен 11-сынып оқушыларына өтпесе де, кейінгі іні-сіңлілеріме пайдалы шығар?

 

Бір танитын кісі бар: отбасының айтуымен бухгалтер мамандығын «Қызылға» бітірген, бірақ қазір ол дипломы сандығының түбінде жатқан шығар. Себебі ол мамандығымен жұмыс істемейді.

 

Алтыншы сыныпта аудармашы боламын дегем ғой, сол сөзбен оныншы сыныпқа дейін келдім. 10-сыныпта байқау сынағын тапсыратын кезде маған  химия таңда, грант көп бөлінген, болашағы бар оқуға түсесің деді. Тест тапсырып отқанымда химияны бір қарап шығып, енді сенімен жолықпай-ақ қояйын деп, ағылшынды белгілеп тастадым. Сомен, 11-сыныпта 5-ші пәнім – ағылшын тілі болды. Байқау сынақтарының бірен-сараңында 5алдым, қалғандарының бәрі 4 болды. Мамам уайымдап, физиканы таңда деді. Бірақ мен соңына дейін ағылшынмен кетемін дедім. Аллаға шүкір, қалаған мамандығымда грантта оқып жатырмын.

 

Үзік-үзік әңгіменің түйіні: мейлі, саясаткер боламын десең де, мейлі қарапайым етікші боламын десең де, әйтеуір, жаның қалаған мамандығыңа түс. Өкінбейсің!