"Аққоян"

"Аққоян"
жеке
блог

                            Аққоян

Аққояным,

Осылай деп өзіңе ат қоямын.

Есіміңді,ерке қыз,ерекше етіп,

Жүрегімнің ішіне сап қоямын.

 

Ханымы Айдың,

Құшағымды саған мен тағы жайдым.

Жас жүрекке сені әкеп берген мынау,

«Тағдыр» деген төреге налымаймын!

 

Дара бағым,

Жүрегіңді келмейді жаралағым.

«Бақыт» деген мекенді мәңгілікке,

Қол ұстасып менімен аралағын.

 

Бал-шырыным,

Көрінбесін көзіңнен тамшы мұңың.

Қандай жағдай болса да арамызда,

Алыс кетпей,қасымда қалшы,гүлім!

 

Таңдағаным,

Мендік сезім дәл сендей жанға мәлім.

Ызыңдаса ыза кеп құлағыма,

Өзіңді ойлап...ес жиып...алданамын.

 

Қылықтымсың,

Қос жанарың әрқашан күліп тұрсын,

Өкпелетіп алғанда кейде сені,

Бұл махаббат кетеді “жігітті” ұрсып...

 

Өзің дертім,

Көз ілмейді шіркін-ай сезімдер тым.

Тал бойыңа жарасқан қылықтарың,

Жібереді мендегі төзімді ертіп.

 

Аққояным,

Осылай деп өзіңе ат қоямын.

Есіміңді,ерке қыз,ерекше етіп,

Жүрегімнің ішіне сап қоямын.