Менің Анкетам. (Таяқша менде емес негізі.)

Сәлем достар!  Бүгін ұрлап алған таяқшам бойынша Анкета толтырамын. Таяқша кімде екенін білмедім. Жаpғым келіп кеткен соң, жаздым.

Ал, кетік.

1.Өзім жайлы қысқаша мәлімет. Жансая Тлеулесова Бақбергенқызы 1998 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келдім.Туған жерім Қызылорда обылысы,Арал ауданы, Cексеуіл кенті. 2001 жылдан бері ауылдағы №231 мектеп оқимын. Қазір 9-сынып оқушысымын.

 --Мінезім:Жалпы мен өте ақкөңіл адаммын. Сонымен қатар, қарапайым, жауапкершілікті сезінетін, салмақты, жайдарлы қызбын. Сөзге шеберлігім бар. Оптимист деуге де, пессимист деуге де келмейді. Өзіме жат ортада үнім шықпайды. Fл достарымның арасында көңілді жүргенді жақсы көрем. Өтірік айтпаймын деп айта алмаймын, әрине, айтамыy.Ішім тар емес, қолым ашық жанмын. Аздап мақтаншақтаумын.Отанын сүйетін патриот қызбын.

 

2.Хоббиің не? Хоббиім- сол би билеу. Өзімше музыка қосып әр түрлі жанрдағы музыкаға би билеймін. Кейде кітап оқуға құмарым артады.Ән айтқанды жақсы көрем. Әсіресе, даусыңды барынша ашатын, яғни диапазоны жоғары әндер айтқанды ұнатамын. Боя уақытымда көбінесе Ғаломтарда отырам.

3.Қай елге саяхат жасағың келеді? Ең бірінші Диснейлендке бару арманым.  Италияға барғым келеді. Әсіресе, Мадридке.Одан басқа, Kипрге, Польшаға, Туниске, Латвияға барғанды қалаймын.


4.Егер осы өмірге келерде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің? Құс пен ит болар едім. Құс болсам бүкіл әлемді шарлап шығуға мүмкіндік болар еді. Ал ит болсам, адамдарға  пайдамды тигізер едім.

5.Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданылатын нақыл сөзің? ............... ? Негізінде мен мына бір өлеңді жиі есiме түсіремін. Мақтанасың біреуге мақтасын деп,

                         Шаужайымнан еш адам қақпасын деп.

Жалпы өмірлік ұстанымым: "Ешкімнің ала жібін аттамау."

6.Алғаш рет кіммен қайда суйіскенің есіңде ме? Менде ондай сәт болған емес.

 


7.Кімді жақсы көресің? Жігіт туралы болса, "ешкімді" деп жауап беремін. Ондай жақсы көру әзірше жоқ.

8.Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің? Неге ол адам? Сүйікті әншілерім Заман тобының жігіттері.  Әртістен Алия Телебарисова, Қарлығаш Мұхамбеджанова, Асылхан, Артур  Төлеповтер ұнайды. Өйткені, бұлардың  бәрі қарапайым жандар. Саясаткерлерден Бақытжан Жұмағұлов ұнайды. 

9.Сүйікті спорт түрі.Сүйікті спортым-волейбол. Одан басқа футболды ұнатамын.

10.Сүйікті кино. Жалпы мен шытырман оқиғалы, романтикалық, детектив фильмдерді жақсы көрем. "Ыстық ұя", "Көк тарландары", "Жау жүрек мың бала", "Группа крови".

11.Үйде кім басшы болу керек. Әрине ер адам. Бірақ құқық тең болуы керек. 

 

 

Таяқша қазір кімде екенін білмеймін. Сондықтан алам  деушілер болса, ала берсін.

 

Айтпақшы достар, көптеген Массагеттіктер сұрайды: Mambino_ деген қандай мағынаны береді деп.Mambino_ дегеніміз италиян тілінен айдарғанда қарапайым әрі жайдарлы, үнемі көңілді жүретін адам дегенді білдіреді.



Бөлісу: