Алло?! Бізге таланттар қажет!

Алло?! Бізге таланттар қажет!
жеке
блог

Қадірлі достар!

"СТВ" арнасында жақын арада жаңа жобаның тұсауы кесілмекші. Бұл бағдарлама әдеттегі бағдарламалар секілді өнер жұлдыздары мен өзге де танымал тұлғалардың қатысуымен емес, қарапайым қатардағы азаматтардың қатысуымен өтетін болады. Жобаның ерекшелігі де міне осында! Сол себептен де, біз жобамызға кейіпкер іздейміз. Біздің бағдарламаға жаңа туған нәрестеден бастап, көпті көрген қарт апа-аталарымызға дейін көзінде оты, бойында ынта-жігер бар кез-келген азаматтар қатыса алады.

Егер сіз бағдарламаға ат салысып, түсірілім жұмыстарына қатысып, басты кейіпкері болғыңыз келсе, бізге келіңіз!

Ол үшін өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат пен жеке суретіңізді электрондық мекен-жайға жіберіңіз: stvarnasy@gmail.com

Құлаққағыс! Дәл қазір біз бір-біріне сүйсіне қарайтын ғашық жандарды, яғни сұлу жұптарды іздестірудеміз!

Іске сәт, достар!

Сөз соңында! Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында жүргізіледі.