Рефлекс
жеке
блог

Рефлекс

Несін айтайын, кеше тунде екі досыммен әдеттегідей үйдің алдына келіп тоқтадық та тоқылдатып соға бастадық. Қарауыл ұйықтап қалған ба, тағы да кешігіп жатыр. Терезені де тысырлатып жатқанымызға біраз болды. "Мыналар жынды ма, неменеге ашпай жатыр-ей" деп жүйке де жұқара бастады. Күнде, яғни түнде бұдан тезірек ашатын еді. Қол ауырып, есікті ақырын тепкілей бастадық. Қабақ түксиіп, сөзге боқтық араласа бастады. Түнгі 2-де келіп тұрсақ та кінәні қарауылдан іздеп тұрмыз, бәле.

Бір кезде қараңғы ішінен көлбеу бейнелер пайда болып, екі жігіттің сұлбасы көрінді. Қарауыл қайда? Балалар екен әлгілер. Келді де есікті итеріп ашып сыртқа шығып кетті.

Ал кеп күл!!! Жарты сағат бойына тоқылдатқан есік ашық тұр екен.