Оңтүстіктен-Солтүстікке

Оңтүстіктен-Солтүстікке
жеке
блог

Оңтүстік Кореяның киноларын көріп, Солтүстік Кореяға қалай өтіп кеткенімді білмей қалдым :). Бүгінгі постымды Солтүстік Корея киноларына арнамақпын.

Интернет әлемінде Солтүстік Корея жайлы жағымды жаршы аздау, сондықтан болар неге олай болды деп... Солтүстік Корея киноларға өзгеше қызығушылық туды менде.

Кейбір форумдарда жазылған КНДРдың кейбір киноларына, Оңтүстікте бірауыздан рұқсат етпеген екен... саясат па, әлде басқа ма, өнер туындысы әлемге ортақ болу керек деген ойдамын...

 

1. Қолыма алғаш түскен кино. "Оқушы қыздың күнделігі" (The Schoolgirl's Diary) тым жұпыны, өзгеше ракустағы кино. Интригасы да бар арасында, аяушылық тудырған киноның аяғына дейін, бірдеме күтерің анық :).  Ал аяғы, көзіңе қуаныштан жас әкелетін, хеппи енді туынды. Махаббатпен бітетін туынды. Махаббат отанға, халқыңа деген тым банальды болса да, жүрегіңе қуаныш сыйлайтын кино. Қатты әсер берді, бізге бір басшының құлы етіп көрсеткісі келетін БАҚ өкілдерінен алыстап қалып, басқа әлемге түскенде боласың :) Расында сондай ма екен деп қызғушылығың артады. Кей жерлері тіпті балалық шағымыз болса да дәмін татқан КСРО кезмізді ностальжи болып көресіз бұл кинодан)) 10 бал бердім.

 

2. "Гүлші қыз" (The Flower Girl) Бұл фильмді соттың шешімі бойынша О.Кореяда 1998 жылға дейн көрсетуге рұқсат болмаған дейді. Өте ескі кино болса да. Басты эмоцияны бере білген. Орысша суб+аудиенсіз, маған тек ағылшын суб. кезікті. Әзірге тағы қайталап көріп жатырмын. Неге сот арқылы шектеу қойды деген сұрақтың жауабын таба алмай отырмын әзірге :), сіз бұл сұрағыма жауап тапсаңыз маған айтуды ұмытпаңыз ;)

 

P.S. Негізі жаңалықтарда екі ел бір біріне соғыс ашпақшы дегенде ішім қатты ашыды, Арманым бар, екі елді де көргім келеді... Бірақ Солтүстікке виза жағы қиындау дейді ғой, уақытында көре жатармыз. Әзірге айтпағым, соғысқа қимадым, кәдімгідей іштей қобалжып қорықтым екі ел үшінде :(. Күлкілі шығар расында сондаймын енді :) Соғыс еш жерде болмасын деп тілейік!