Белгісіз жанға бір көргеннен ғашық болдым.

Белгісіз жанға бір көргеннен ғашық болдым.
жеке
блог

Бір көргеннен ғашық болуға сенесің бе?!

Алдыңғы демалыс күні дала суық болды, сонды да достар сыртқы  шығыңдаршы деп қоңырау шалды., Шығайын десем дала суық шықпайық десем көңілдерін қимаймын. Ақыры қалыңырақ киініп сыртқа шықтық. Жатақхананың жанында қымыз сататын жер болатын. Қазір соның орны бос тұр. Сол жерге барып отырайық деді. Жарайды деп сонда қарай жүрдік. Сонда отырып шекілдеуік шақтық. Әрі әңгіме бастадық. Ананы айттық, мынаны айттық. Ақыры бір құрбым «Бір көргеннен ғашық болуға сенесіңдер ме?» деп ой тастады.

Әркім өз махаббат оқиғаларын айтты.  Солда бір құрбым осыдан бір жылдай бұрын болған бір жағдайды айтты.

Кітапханадан шықтым. Кеш болып қалған. Автобус тосып аялдамада тұрмын. Айналамда бір тірі жан жоқ. Қасыма бір жігіт келіп тұрды. Басында мән бермедім. Бір сәтте телефоны шыр ете қалды да біреумен сөйлесе кетті. Дауысы керемет екен. Қарағанға ұялдым. Автобус та келіп қалды. Ол да сол автобусты күтіп тұр екен.  Бірге кірдік. Әрі мен барып отырған орынға қарама қарсы отырдық. Әшейінде автобус толып тұрушы еді.  Осы жолы бірен саран адам.  Басымды төмен салып отырдым. Біреу қарап отырған сияқты көрінді. Содан басымды көтердім. Маған қарап отыр екен. Ұялып кеттім де қайтадан басымды төмен салдым. Мен осы автобустың соңғы аялдамасынан түсуші ем. Адамдар біртіндеп түсе бастады. Соңында екеуміз ғана қалдық. Мен бұл жігітті ешқашан көрмептім. Әлде көрдім бе? ! Мен үнемі осы автобуспен қайтам. Көрмеген сияқтымын дедім өзіме. Содан қойшы басымды көтеріп ем әлі қарап отыр. Неге әлі қарап отырсыз?! деп ем. Үндемеді . Тек қарап отыр. Жүрегім дүрсілдеп қоя берді. Содан аялдамама келдім де түстім. Ол да түсті. Ары қарай жаяу жүруші ем. Ол да артымнан еріп жүре берді. Тіпті шоши бастадым. Бұл жақ қаланың сырты еді. Маняк па? Деген ой келді тіпті. Өз өзімді тыныштандырып әлекпін.  Ақыры үйге келдім де, кіріп кеттім. Ол тура қақпаға дейін еріп барды. Мен кірген болып қақпаны жаптым да артыма қарадым. Ол бұрылды да келген жолыме қайта қайтты. Қақпаны ашып артынан жүре бастадым. Жаңағы аялдамаға қарсы аялдамаға барды да такси ұстап кетіп қалды. Әлі түсінбедім. Не үшін келді? Не үшін кетті?  Түнде ойға баттым. Ол жігіт ойымнан кетер емес.  Есім дұрыс па өзі,-деп қоям тағы өзіме.Бір ақ рет көріп ойымнан кетпей қойғаны несі дедім.осылай жатып ұйықтап кетіптім.

Келер күні тағы кітапханадан кеш шықтым. Тағы аялдамаға келдім. Біреу артымнан келе жатқан сияқты көрінді.  Артыма қарап ем тағы сол жігіт. Өзі сымбаттылау келген кешегі киімінен мүлде өзгеше киініп, өзгеше шашын тарапты. Ішімнен күлдім. Кешегі мүмкін кездейсоқтық шығар,  ал бүгінгі ше?  Тағы мен отырған автобусқа отырды. Тағы да сол орынға. Тағы да кешегідей қарап отыр.  Бүгін тағы  қайталанды кешегінің бәрі. Түнде  ұйықтай алмадым.  Қараған қарасы, түрі көз алдымнан кетпей қойды. Бұл не болды өзі?  Ертеңгі күнді тағатсыздана  күттім. Өз өзіме алдыңғы күнгі де кешегі де кездейсоқтық шағар. Бүгін тағы қайталанды. Тіпті үйреніп алғандаймын. Түнде тағы ұйқы жоқ. Ойлай берем ойлай берем. Бұл жұмбақ жігіт кім екен деп ойланып жатып ұйықтап кетіптім. Бүгін тағы қайталанса бұл жерде бір сыр бар деп шештім. Бүгін әдейі ерте  шықтым да аялдамаға келдім. Адам өте көп екен. Автобус та лық толы. Үлгерсең кіруге болады. Сенесіңдер ме? Ол бала тағы қасымда тұр.  Мен кірмеп ем ол да кірмеді. Келесісін тостым.  Ол да келіп жетті. Ол бірінші кірсін деп күттім. Кіріп кетті. Артынан кірдім. Жалғыз бос орын бар екен. Мені күткендей сол орынға отырмай,қасында тұр екен. Барып сол орынға барып отырдым.  Қарасам бүгін тағы басқаша киініп алған. Өзіне жарасыпақ тұр. Назар аудармайын десем де, болмайтын еді.  Қарап тұр тағы да. Өз аялдамамнан түсіп қалдым. Ол да түсті. Үйге қарай жүріп келем. Ол да келе жатыр. Шыдамай кеттімда артқа бұрылып «Неге менің артымнан еріп келесің, неге қалмайсың артымнан?! »деп айғай салдым.  Ол қарап тұрды да «Сен маған  ұнайсың» деді. Түсінбей қалдым.

Не? –деп қайта сұрадым

Ол: Сен маған ұнайсың! Деді.

Мен : Сен өзі қызық адам екенсің. Адам осылай да сезімін білдіре ме? деп сұрақты жаудыра бердім.

Ол болса жай ғана: Кешір енді қайталанбайды деді де, бұрылап кетіп қалды. Артынан жүгіріп жеткем келді. Бірақ намысым жібермеді. Түнде айтқан сөзі есімнен шықпады. Менде де бір сезім бардай сезілді. Бірақ ол туралы ештеме білмеймін. Тіпті атын да. Ол шынымен де ертен тағы келмей қойса қайтем. Бағана айтқандарыма өкіндім тіпті. Ертең тағы келсе онымен сөйлесіп көрем деп шештім. Тағы да аялдамадамын. Автобус күтіп тұрмын. Брақ ол жоқ.  Қазір келіп қалар деп автобусқа отырмадым. Келесісіне де, одан кейінгісіне де келмеді. Шынымен келмей қоймақ па?!  Соңғы автобусқа үлгеріп отырдым. Бірақ келмеді.  Өзімді жалғанда жалғыз қалғандай сезіндім. Үйге келе жатырмын. Артыма қарай бердім қайта-қайта.  Бірақ ол жоқ. Осылайша жұмбақ жігіт жоқ болды да кетті.  Оны сағынып жүрмін.... Мені бәрінен де толғандыратыны ол менің аялдамаға қай уақытта келетінімді қайдан білген?!  Міне осылайша ол жігітке бір көргеннен ғашық боп қалғанымды түсіндім. Шіркін бір ақ рет көрсем ғой деймін. Бірақ бұл арманымның орындалар түрі жоқ.  Міне осылайша аяқтады әңгімесін. Біздің де қызығушылығымыз артып барады: Кім екен?! деп




Бөлісу: