Оқу жылына аз қалғанда «ACP GAME» халықаралық жобасының балаларға арналған «60 секундта жауабын тап» ойыны «CRUDO» мейрамханасында ұйымдастырылды. «Барини қонжығымен әлемді таны» деген ұранмен өткізген ойынға 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үлкен қуанышпен қатысты.
Жаңа маусымның алғашқы ойынына қатысуға «Голос-Дети» жобасының жеңімпазы Даннил Юн мен кішкентай әртіс Марк Корчагин келді. Ойын шарты бойынша 6 баладан тұратын бірнеше топқа ортақ бір сұрақ қойылады. 60 секунд ішінде дұрыс жауабын тауып, арнайы жауап парақшасына жауабын жазу керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ойын соңында ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.