"Дертің - өлең, серігің, сертің - өлең!"

"Дертің - өлең, серігің, сертің - өлең!"
жеке
блог

Сәуірдің соңғы күндерінің қожайыны, сүйікті әріптесіміз  Қайсар Қауымбекті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Көңілі қазақтың кең даласындай дархан, жаны таза әріптесіміз Қайсар қашан да үлкенге, кішіге де үлгілі. Табиғат дарытқан асыл қасиеттеріңді әрдайым ту ете біл дегіміз келеді.

Қаным - қазаққа, арым - алашқа деп, бағыт айырып, бағдар танып, сары ала қаздың құмайындай топ жарып жүре бергейсін! Оқырманыңды қуантарлық сүбелі туындыларды дүниеге әкелуден шаршама!

Ежелгі өркениеттің бір сөзі еске түседі осындайда: "Басыңа ешбір қауіп-қатер келмесін!" 


Ардақтан:Қайсар туралы сөз көп. Онымен суретке түскен әрбір сәтте айтатын әзілі бар: "Тарихта қалудың әдісін білесіңдер, ә!" дейді күліп. Соған қарағанда Қайсекең өмірін шығармашылыққа арнаған нағыз ақын образы деп пайымдаймын. Үлкенмен де, кішімен де жарасым тауып кете алатын қасиетін айтсаңшы, бірде ағам деп, бірде досым деп, ал бірде тіпті де туған бауырымдай сөйлесіп кететінім бар. Оның мен қате деп шешкен әрбір ісінің соңы дұрыс болып шығады. Таңғалатыным да сол. Адами құндылығы - нағыз бір шахмат корифейінің үлгісі іспетті. Ол қандай да бір ісін алдын ала болжап, талғампаздығына орай дұрыс шешім жасай біледі. Туған күн құтты болсын, асыл ер!

Басың алтын, бөксең күміс дүлдүл, алды-артың ормандай, қатарың қорғандай болсын!

Еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы бола бер!