Интернет туралы ой
жеке
блог

Интернет туралы ой

Бір айдан кейін дипломды алдан-ала қорғау конференциясы өтеді. Оның алдында, студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өтеді. Міне, осы аралықтарда мен үшін үлкен бір қарбалас сәт туындап отыр. 2,3 курстарда мен дәл осы студенттердің ғылыми конференциясында бірқатар жетістіктерге жеткен болатынмын. Негізінде диплом жұмысын жазуды жаңа жылдан бері қолға алып, бірақ ешқандай алғашқы қадамға барып, жазу жазған жоқпын. Енді қимылдамасам кеш болатын түрі бар.

Өткен күні Бағдат екеуміз (группаласым) интернетке түнгі мерзімге отырған болатынбыз. Мен алдын-ала күткендей, уақытымыз босқа кетпей, басқа бір әлемге кіріп кеткендей болдық. Ең бастысы, өзімнің электронды поштамды ретке келтіріп, біраз қыздарға хат жаздым. Біреуінен жауап келді. www.kazakh.ru сайтына кірдім. Біраз нәрселер бар екен. Енді солармен бірлесіп, бір конференцияға қатысып көрсем деп ойлап отырмын. Түнге интернетке отыруға болады екен, бірақ уақытты пайдалы арнаға бұрмасаң, порно сайттар көп екен. Адамға психологиялық жағынан қатты әсер етеді екен. Осы порно сайттарды жоятын, тежейтін кез қашан болады екен, бұныпайдаланғандар қаншама екен, олар қаншалықты жиренген екен? Мен, шынымды айтсам құсқым келіп тыр. Түнімен отырған көздің нұрын алады екен. Енді бәрін жинастырып, дипломға кіріспесем болмас.

18.03.2009 жыл, Шымкент қаласы

пысы, кейде өткен шақтағы күнделік беттерін ақтарып отырсаң, өзің таңқаласың, кейде оқып отырып, күлкің келеді. Бірақ естелік болып қала бермек. Алдағы уақытта тағы сол күнделік беттеріндегі шимақтармен бөліскім келіп отыр. Ал, порно сайттарға келсем, осыдан 4 жыл бұрын жазсам, қазірде сол үлкен қайшылық тақырыбы болып, өршеленіп тұрғаны жасырын емес. Ол кезде, өзіміз құралпы студенттерде кішкене ұят болушы еді, қазір, сұмдық, адам айтқысыз деңгейге дейін азғындап кеткенді көзіміз көріп жүр. Артынан қайырын берсін деп сұраймыз....