Біз тегімізге қандай жалғау бере аламыз ?

Біз тегімізге қандай жалғау бере аламыз ?
жеке
блог

Құрметті Массагеттіктер ! Қазақтардың қазір басым бөлігі ов, ев ова,ева, ин, ина деген фамилиямен жазылып қалған және балдарында осы кеңестік жалғаумен жаздыруда, кейбір адамдар атын сосын әкесінің атын жаздырып жатыр. Бізде қазір грузиндер сиақты дзе, швили, армяндардағы ян, Украйндардағы Ко ,Туриктердегі оғлы деген сиақты ұлтын танытып тұратын тегінің жалғауы қалыптаспады, Мысалы Қайрат Нұртас, аты Қайрат тегі Нұртас, бірақ құжат толтыратын болсақ бірінші Нұртас сосын Қайрат жазылады /ФИО/ тағыда кеңестік жүйе тұр, өйткені бірінші Ф болғасын тегі жазылып тұр, біз тегімізге қандай Қазақы жалғау бере аламыз ? ертеде Пәленше Түгеншеұлы деп қана қалдыратын, ал қазір олай емес Аты Тегі Әкесі жазылады,  мектептерде баланы атымен емес тегімен атайтын үрдіс бар, бұрын Түгенова немесе Түгенов деп атаса қазір Түген дейді, ол ер балама қыз балама ашып тұрған жоқ және дардай бір ақсақалдың атын солайынан атаймыз, Қазақтың салт дәстүріне қайшы келетін сиақты, Қазақ қай кезде салтын дәстүрін қастерлеген халық,   салтымен санасып заң шығарып отырған , Енше сіздер Қазақтың баласы Тегіне /Фамилиясын/ қандай жалғау бере алады деп ойлайсыздар және алып қосарларыңыз барма ? ойдан шығармай тарихымызға сүйене отырып жалғау табылса деген ой еді.