Document Extractor мониторы

Document Extractor мониторы
жеке
блог

Класс тайм 13.06.12

Жеке принтеріңіздің болғаны ыңғайлы, әрине. Бірақ компьютерге арналған мұндай қосымша техника әдетте көп орын алады. Сондықтан да соңғы уақытта бір өзінің бойына бірталай функцияны біріктірген құралдар әлдеқайда тиімді болып тұр. Әзірге мұндай керемет нәрселер жиі кездеспейді, бірақ жуырда принтердің жұмысын өз мойнына алған монитор ойлап табылыпты.

                                                                     Document Extractor мониторы

   Мұндай компьютерлік технология Document Extractor деп аталады. Бұл бір жағынан монитор әрі екінші жағынан принтер бола алатын техниканың авторы – Byeong Min Choe деген дизайнер. Document Extractor мониторының кәдімгі мониторлардан ерекшелігі оның әшәне принтер, сканер сияқты құрылғылардың функциялары енгізілген. Адам баласы саяхаттап жүргенде, не интернет қарап отырғанда кез келген сәтте, кез келген жерде отырып-ақ өзіне қажетті суретті не құжатты қағазға басып шығара алады. Керекті дүниелерді сақтап, оларды өзге жерге барып, қағазға шығартып жүрмей, осы монитор арқылы өз уақытын үнемдей алады. Document Extractor мониторы қажетті мәтін мен суретті қиып алу арқылы соны бірден басуға жіберуге көмектеседі. Монитордың артқы бөлігінде қағаз салынады, басуға жіберілген уақытта ол қағаздар монитордың алдынан, төменгі тұсынан шығарылады.

                                                                                                                                                                                             Гүлжан Серік