Менің емделгім келеді...
блог
Бұл тақырыпты көптен жазғым келіп жүрген. Бірақ, қолым тимеді ме еріндім бе әйтеуір жаза алмадым. Бүгін мындағы жазбаны оқып осы ойым есіме түсті...
3 айдың ішінде екі рет операцияға жатып, мед мамандардың қолына өмірімді сеніп тапсырып көрдім. Сонда алғаш тексеріліп жүргенімде, маған жасалынатын операцияның ақылы екенін айтты.
Абдырып қалдым. Себебі, жұмыс пен қаражат пен де қысылып жүрген жайым болған. Екі бірдей операцияға соншама ақша кететінін ойлағанда не істерімді білмедім. Мүмкін "отказ" беремін, ақшаның жетіспеушілігінен де өз денсаулығымды құрбандыққа да шалғым келді. Бірақ, мені тексерген врач менің ойымды түсінген сияқты. Мемлекет маған менің еміме грант бере алатын айтқанда кәдімгідей таң қалдым. Рас, осы уақытқа шейін ауырып ондай көмектердің барын білмедім. Құжаттарымды жинап, анализдер тапсырып порталға ендіріп операцияға жолдама алдым. Сол кездегі қуанышымды көрсеңіз. Мүмкін, сіз менің күйімді дәл қазір түсінбессіз себебі 2-3 жылда есту мүмкіндігінен айырлып қалу қаупінің алдында тұрған маған бұл үлкен мүмкіншілік еді... Менікі асқанбаған жәй операция.
Аурухана да жатқан күндерімнің бірінде суббота күнге жақын аурулар көбейді. Бәрін бақылап қарасам бір түрлі бәрі. Олар есту қабілетінен мүлдем айырылғандар екен, көбі жастар... есту ғана емес оларға сөйлеуде арман екенін білдім. Олар туа біткеннен мылқау емес, уақыт өте келе жақында мүлдем естімей қалғандарын білдім. Естімей көп уақыт жүрсең тіпті сөйлей алмайтын жағдайға жетеді екенсің...
Қазақ айтады ғой:"он екі мүшең сау болсын" деп, мен сол мақалдың мәнін нақты түсіне алған сияқтымын. Олармен тіпті әңгіме айтып та, тіпті әуеннің кереметтігін сездіреде алмайсың. Тіпті, мына жаққа қарашы "мынау әдемі иа" деп те сілтей алмайсың....
Сол кісілерге мемлекет қаражатынан 30-40 мың евро тұратын құлақты естіртетін аппарат салатын операция жасады. Кейін ол аппарат жайлы естіп оқып білгенімде оны көп елде жасамайды екен. Тек Германия, Швейцария мен Ресейде ғана жасайды екен. Бізге, Ресей мен Германиядан мамандар келіп жасаған.
Бұның бәрін не үшін жазды деп те ойларсыз, әрине деніңізге саулық тілеймін. Бірақ, ауру айтып келмейді, адам таңдамайды. ОСыншама қымбат тұратын операция мен ауруларды емдеуге бөлініп жатқан мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы мен қамқорлыққа рахмет айтқым келген.
Бізде туберкулез де, гепатит, ВИЧ те, барлық дерлік ауруға грант бөлінеді. Қандай аурумен ауырып қалсаңызда сіз қашан да мемлекеттен көмек сұрай аласыз, соны біліп жүргеніңізді қалаймын. Кез келген өзіңіз тұратын аймақтағы аурухана бөлімі сізге бұл үшін көмектесуге міндетті. Сіз ол ауылда прописка да болмасаңыз да, ҚР заңына сәйкес сіз тегін медициналық көмек алуға құқыңыз бар. Ол үшін жергілікті ауруханаға барып тіркелуден өтіп сол жердің тізіміне тіркелуіңіз керек.
Ауырмаңыздар, аман болыңыздар!