...Тіршілікке түкірдім қаладағы

...Тіршілікке түкірдім қаладағы
жеке
блог

Қанатын кеңге жайып қағады арман,

Өмірімді қайтейін жағаны алған?!

Қиындығын мойныма артып қойып,

Тіршіліктің түрмесі қамап алған.

 

Тылсым оймен таласып түнде езілем,

Жүрегімнің байқалып мұң көзінен.

Қуаныштың қулатып ақ байрағын,

Күрсіністің қараймын күмбезінен.

 

Жамбастап жақсылығын жатар-ды ауыл,

(Мен едім “қарапайым” қатардағы ұл.)

Қымбатшылық қымталап алғандықтан,

Мейірімді таппайсың шаһарда бұл.

 

Сұрақтармен соғысып санадағы,

Ауыр ойдың бойымды талағаны.

Ауыл жаққа кетемін...Құрысын бәрі.

Тіршілікке түкірдім қаладағы.

 

...Сағындым!

                                                 22.04.2013 сағат 03:05