Түсініспеушілік махаббаттың түбіне жетер!

Түсініспеушілік махаббаттың түбіне жетер!
жеке
блог

         Біраз болды  «Массагетке» жазба қалдырмағаныма. Бірақ үнемі ішін шарлап қайтпасам бірдеме жетіспей тұрғандай болам да тұрам. Бүгін қыз бен жігіттердің басында көп кездесетін бір мәселені жазғым келіп отыр.

         Махаббат деген әлемнің есігін ашқын қыз бен жігіттің арасындағы түсініспеушіліктердің көптеп болатыны даусыз дүние. Оның бірден бір себептері:

Жігіттер бастаған жағдайда:

      1. Сенің неге телефоның қоңырау шалғанда «бос емес»(занят)  болады. (Кіммен сөйлескенін сұрайтыны ашық жағдай. Қыздың жауабына үнемі жігіттер қанағаттанбай жатады.)

        -Неге өтірік айтасың! Басқа біреуді тауып алдың ба?  Міне осылай аяғы айырылысуға дейін барып жатады

         2.   Сен менсіз ешқандай отырыстар мен кештерге бармайсың! (Мейлі ол сыныптастарымен, группаластарымен жиылса да. Бармаса сыныптастары ренжиді, барса жігіті ренжиді. )

      -«Жоқ мен барам!», немесе ол жай менің сыныптастарым ғой. Өзіміз ғана жиыламыз. Артық ешкім болмайды деген жауапқа

       -Сыныптастарыңның ішінде жігіттер жоқ дейсің бе?......... деп ары қарай жалғаса береді. (Мұнда бар болғаны қызына сену, сенбеуіне байланысты ау деп ойлаймын)

        3.   Агентте  менің атымды неге «статусқа» қоймайсың? (Мүмкін агентте ағалары, апайлары отыратын шығар. Оған кей жігіттер қарамайды да.) «Мен қойдым, сен де қой» деп талап қояды. Жоқ! -деген жауап арақатынастың аяққа тапталуына апарып соғып жатады.

       4.    Неге бұлай киінесің!(қысқа болса да , болмаса да.ашық болса да,жабық болса да) .Жас болған соң қыздар өз қалағанындай киінгісі келеді.Олардың да өзіндік стильі бар ғой. (Тек сонымен санаса білуі керек.Бірақ кей кездерде жігіттер қызының қысқа киініп,басқа жігіттердің көзіне түспеуі үшін де осы мәселені көтеріп жатады. )Мен қалай киінсем де өзім білем. Сен менің күйеуім емессің бұлай сөйлейтін.....(Бұл сөздің айтылғаны фильмнің соңы деген сөз).

       5.     Неге сонша боянасың! Шыны керек кей жігіттер «шашыңды неге бояйсың,»- деп те әңгіме көтеріп жатады. Бұл тым артық кеткендік. Ал мына жағдайда олардікі дұрыс та болып жатады. (Бетін бес батпан тональды крем жағып алса, жігіт бетінен сүйсе де бояу татып жағымсыз күй кешіп жатады. Сонымен қатар шелектеп әтір себетін қыздарды құшақтағаннан ақ жүрегі айнитынын жа жасырып керегі жоқ. )

Осымен аяқтайын. Ал енді қыздарға кезек берсем:

        1.    Сен неге маған көп көңіл бөлмейсің. Үнемі достарыңмен боласың. Қайдасың?-десем, «достарымменмін» деп жауап қайтарасың. Қашан менің қасымда боласың?! Қысқаша айтқанда достарынан қызғану.

      2.    Сен неге елдің жігіттері сияқты «Киноға апармайсың, жиі гүл сыйламайсың, телефоныма бірлік салмайсың?!» Талаптары тым шектен шыққан соң. Жігіттер де «бұл қызға мен керекпін бе, әлде.....»деген ой кетеді. Мұны сыртқа шығарса үшіншы дүниежүзілік соғыс басталып кетуі әбден мүмкін.

          3.     Бұрынғы қыздарың неге агентте жүр. Олармен әлі сөйлесіп жүрсің бе сонда?! Құдай-ау ары қарай жалғасаң «Манастан»ұзақ дастан шығады.

        4.    Сен неге мені көшеде көрмегенсіп өтіп кетесің.(Ол көрді ме, көрмеді ме, кейде оны ойлап та жатпайды. )Мүмкін асығыс кетіп бара жатқан болар, мүмкін сәл алдында немесе артында анасы келе жатқан болар.

Айта берсе көп қой.......

Махаббаттың қыл арқанын кесуге қыздар да жігіттер де өзіндік үлестерін  аянбай-ақ қосып жатады. Тек соны мойындамайды. Жоқ жерден ұрыс бастамай,«бар болғаны бір-бірімізге сенейікші»!!!