Корей толқыны және менің ойым
жеке
блог

Корей толқыны және менің ойым

Құрметті массагеттіктерге сәлем! Бұл блогымды корей толқыны туралы айтпақпын. Жалпы корей толқыны дегеніміз-корей мәдениетінің өзге ұлт мәдениетіне енуін айтамыз. Қазақстанға корей толқыны 2009 жылы, Ғ4 сериалынан кейін келді. Қазірде жыл сайын ауқымын кеңейтіп келе жатыр. Оған қарсы азаматтар да жоқ емес. Әр адамның өзінің жеке пікір болады. Бірақ басқаның ойын, пікірі өзгертуге тырысу дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақтың әндерін сылтау етіп, к-поптан аластатуға тырысатын адамдарды талай көргенмін. К-попты жек көресіз бе? Біз ренжімейміз, сүйікті әуеніңізді тыңдап жүре беріңіз. Егер біз сіздерге "мына әнді тыңдама, мына корей әнін тыңда" десек қалай болады?..

К-поп жанкүйерлері туралы психологтардың пікірі
Корей жұлдыздарына қызығатын балаларды дұрыс бағалаңыздар, олардың жүректері басқаларға қарағанда таза, олар қиын болып келетін тіл үйрену, мәдени кедергілерге батыл қарсы тұрады.Олар әлемнің символы болып табылады.Ұлтына,нәсіліне қарамастан,қызығушылықтары ұқсас келетін адамдармен достық қарым-қатынаста болады.Олар өздеріне ұнайтындарды тез сатып кетпейді, тұрақты болып келеді.Іштей басқаларына қарағанда олар мықтырақ.Себебі өздерінің сүйікті жұлдыздарын жақсы көру арқылы, олардың ұшыраған сәтсіздіктерін өз басынан өткізгендей сабақ алады.Олардың барлығы сезімтал балалар, кез келген жайлар оларды жылатуға дейін апарады.Зерттеулер көрсеткендей, олардың көбісі рақымдылықтың мәнін жете түсінеді.Ойлау қабілеттері басқаларынан ерекше.Махаббатқа жеңіл қарамайды, жаман нәрсені ойламайды.Өз жұбын таңдауда түріне емес, ішкі жан дүниесіне көңіл бөледі.Олардың есте сақтау қабілеттері жоғары дамыған, әннің мәтінін түсінбесе де, оңай есте сақтайды.Олардың көбісі ашық-жарқын балалар.Жауапкершілік сезімі өте жоғары.Өз дегендеріне міндетті түрде жетуге тырысады.Қысқаша айтқанда, олардың ой-өрісі мүлде басқаша.Ойларын түсіну қиын.Олардың әлеміне тек қызығушылықтары бірдей болып келетін адамдар ене алады.

 

Жалпы Қазақстанда шоу-бизнес дамымағанын мойындау керек шығар. Айгүл Иманбаева жастардың сұрауымен "Сен'' бейнебаянын дүниеге әкеліпті. Бейнебаян, аранжировка, әуені тамаша үйлесіп тұр. Сәл корейге еліктегені көрініп тұр. Жақында Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизмге тәрбиелейтін концертке бардық. Жақсы деңгейді өтті. Ерекше айтып өтетіні - екі қыз Қамажай әуенін скрипка мен домбырада ойнады. Аранжировка тамаша, remix қосылған. Қазақ әндерін солай өңдейтін болсақ, жастардың қазақ әуендеріне қызығушылығы артатыны сөзсіз.