Менің Жапониям

Менің Жапониям
жеке
блог

Кеше жолым түсіп Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында болдым. Ондағы тамашалаған картиналар мен өнер жұмыстары туралы көрген әсерім өз алдына бөлек әңгіме.  Онда заманауи жапон суретшісі, жанды перфоманстардың авторы Саори Канданың жеке көрмесінің ашылуы басталыпты. Жас жапон суретшісі Саори Канданың шығармашылығы қазіргі заман талабы мен уақытқа сай. Суретші кенеп, бояу, қағаздары арқылы ырғақты музыка мен билеп жүріп Жапония мен әлем туралы толық картинаны салып шықты. Менің артымда тұрған картина сол перфоманс. Оның жұмыстарынан өзінің балалық шағын өткізген Араб елдерінің  шығыс өңіріндегі ертегіге толы әуезін, ашық түсті бояулары арқылы сиқырлы өрнектерді, штрихтар мен сызықтар арқылы жапонның графикалық өнерін көресің. Оның кескіндемесі стихияны еске түсіреді. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оның жұмыстарынан-ақ көруге болады. Гүлдердің бүр жарғаны, әйел сұлбаснының сызықтарымен шектескен қалың бояулар мұхитына бірге сүңгисің. Суретші өзінің шығармашылығын "Өмір кескіндемесі" деп атапты. Көрмеге 30-ға тарта сурет қойылған.

Айтпақшы, суреттерді қоя алмадым. Сурет қою блогымның маңдайына жазылмаған болды ғой. )))