Shalom Тель-Авив!!!
жеке
блог

Shalom Тель-Авив!!!

Сәлем достар!

Көңіл-күйлеріңіз жақсы ма? Керемет деп ойлаймын)))

Ал мен бүгін бір ностальгияға батып кеткендей болдым. Ескі фотоальбомдарымды қарап отырып, Израиль мемлекетіне барған сапарымнан фотосуреттерді көзім шалды. Хехе, не деген томпақ, әрі кішкентай едім?! Арада 3-ақ жыл өтті...

Десек те, сіздермен бүгін осы сапарымнан алған әсерлеріммен бөліскім келіп отыр. Кеттік)))

Алғашқы аялдамамыз Тель-Авив қаласына жоспарланды. Бұл қала мынадай кереметтей көрініспен қарсы алды. Ұшақтан мұны көрген мен, демалысымыздың сәтті өтетіндігін сезгендей іштей бір қуанып алдым!!!

 

Тағы бір қуантатын жәйт - қонақүйіміз тура жағажайдың жанында болды. Бес аттасаң, дәл теңіздің жағалауына жетесің))) 

 

Ия, сезгенімдей, Жерорта теңізіне шомылып әбден демалып қалдым. 

 

Не деген кішкентай шаян?!

 

Қуанышты сәттердің бірі)))))

 

Қаланы тек үшінші күні ғана аралауды бастадық. Күн өте ыстық болғаны есімде, әйтеуір((( Негізі қалада зәулім ғимараттар аз. Ал пальмалар көптеп кездесіп жатты. Солардың бірінің жанына түскен суретіміз...


"Азриэли" орталығы

 

Көне Яффо қалашығы

 

Төртінші күні Тель-Авивтегі қазақ бауырларымыз "бармай-ақ қойыңдар" деп айнытқанымен, Иерусалим қаласын көруге аттандық. Шынымды айтсам, қалаға кіре салысымен кішкене қорқыныш сезімі пайда болды. Себебі, біз секілді жас қыздар мен жігіттердің барлығы қолына қару ұстап, үстіне әскери киім киіп алған. Міне осылай...


Одан қалса, әр дүкен, вокзал, т.б. барлығына ұзақ тексеруден өтуің керек. Бір түрлі......

 

Не болса да, Иерусалимде біз "Ескі қаланы" көруге асықтық. Бұл қаладан алған әсерім мол. Мұны келесі фотосуреттерден байқай аласыздар. Не деген кішкентай едім мен мына суреттерде))))))))))))

"Ескі қалаға" кіре беріс

 

Қала ішінде

 

"Әл-Ақса" мешіті

 

Медресе

 

Қала ішіндегі тағы да бір көрініс

 

Базаааааааааааааар)))

 

Сапар соңында Тель-Авив қаласына, нақтырақ айтсақ, сол теңізімізге қайтып келіп, тағы бір рахаттанып тұрып шомылып алдық))) Осы сапарда да басқа сапарлардағыдай өкінгенім бір-ақ қана нәрсе - ол баяғы уақыттың тығыздығы. Алдыма қойған жоспарымның бірі өзінің емдік қасиеттерімен әлемге әйгілі Өлі теңізге бара алмағаным, өкінішті-ақ! Ештеңе етпес, енді келесі мәрте ата-анаммен бірге келер ойым бар))) 

Достарым, Израиль мемлекетіне жолдарыңыз түсіп қалса, осы жазбамның көмегі тиер деген ойдамын)))