Кешегі «Сотқар Қожа» бүгінде біздің ардақты ұстазымыз!!!
жеке
блог

Кешегі «Сотқар Қожа» бүгінде біздің ардақты ұстазымыз!!!

          1964 жылы шыққан, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі  қанша рет қызықтаса да көңіл  тоймайтын кинокартина. Кез келген халықтың өзі сүйіп көретін, экран бетінен әлі түспей, халық  жанымен жасап келе жатқан туындылары болады. Қазақтың маңдайына біткен «Қыз Жібек», «Алпамыс мектепке барады», «Махаббат бекеті», «Атаманның ақыры», «Девушка джигит» сынды фильмдердің ішіндегі қызыққа толы, нағыз қара домалақ қазақ баласының тәтті қылығын қызықтататын кинотуынды  -  «Менің атым Қожа».  Бұл фильм 1967 жылы Франциядағы Канн фестивалiнiң арнайы жүлдесiне ие болғанын да білеміз.  Ондағы барлық кейіпкерлер нағыз  актер шеберлігін меңгергендер. Себебі, қазіргі жаңа шығып жатқан қазақ  фильмдерін көре қалсаңыз, олардың  жасандылығы бірден көзге ұрады.   

       Бердібек Соқпақбаев бейнесін соғып кеткен «Қара көжені»  кейіпкер мінезі табиғатында бар Нұрлан Сегізбаев  ойнады. Ол бүгінде біздің Қазақ ұлттық университетімізде журналистерге өзі әзірлеген дәрісін оқып жүр. Нұрлан аға өзінің есейіп, бел ортасы жасқа келген тұсында басын ақ шалғанын айтып, бала шақтың тез-ақ өте шығатынына реніш білдіреді:

    – Өкінішке қарай, басты ақ қырау шалды, бұған қарсы, әрине, ештеңе істей алмайсың. Бірақ, осы қырау шалған баста түрлі шығармашылықтың қорытындылары жиналып қалған. Студенттерге арнап «БАҚ-тағы драматургия» деген ерекше оқу курсын жазып шықтым.

      Мен PR туралы екі кітаптың авторымын, студенттерді сценарийді қалай жазу керек, түсіру жұмыстары мен монтаждау процестері және киноның дыбысталуы қалай жасалады деген сияқты өте қажетті нәрселерге үйретудемін, олар менімен ынтымақтаса жұмыс істегендеріне қуанышты.
Студенттерім табысты жұмыстар атқарып жүр, кей тұста олар Жүргеновтің студенттерінен мықты».

       Қазақтың сүйікті кейіпкер  образын салған Нұрлан Сегізбаев Желтоқсан оқиғасы туралы алғашқылардың бірі болып: «Аллажар» повестьі мен сценарийін, «Ангелочек» кітабын жазды. Ол бір сөзінде:  «Мен орыс тілінде жазғаныммен, қазақтың жазушысы болып қаламын»,-деген еді.

         Бала Қожадан  аға ұстазға айналған тұлғаны күнде көру біз үшін керемет бақыт.  Себебі,  мен «Қожаны» туылғалы бері сан мәрте шаттана отырып тамашалағам, әлі де көре беремін. Болашақ қазақ балалары да Сұлтан мен Қожаның айнымас достары болып,  талай ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз!яндекс