Махаббат күні дейді....

Махаббат күні дейді....
жеке
блог

Білген адамға айтарым кеше махаббат күні болыпты. Пішту ешкім құттықтамады да,еске де салмады құрығанда. Сол баяғы Ғазиза екеуміз бір "қазанбастан" смс күткен шүйкебастардай отырдық,болмаған соң Сән апталығына қонаққа бардық.

Көпшілік шулаған, шулаған деймін -ау ымдаған да жоқ бұл күн жайлы. Массагеттен басқа. Массагетке рахмет,осы орайда. Ең құрығанда жылт-жылт еткізіп Ғашықтар күні деген жазуы жүрекке жылу беріп тұрды. Алайда осы күнге орай бір сюжет жасайық десек, еске алған не оқу орны,не басқасы жоқ. Қоңырауды тізіп шықтық,бәлкім бір іс-шара шығып қалар деп... Өнер академиясы ғана орысша оттап "Мисс пен  Мистерін" таңдапты. осы күнге қарап қалыпты да олар да. Қазақша дәстүрге келтіріп,Қыз Жібегі мен Төлегенін я болмаса Қозы мен Баянын іздесе бір сәрі....Мисс-і мүш...Какой Мисс?!

Қаныңды қарайтады осылай. Мейлі қойшы оны. Как всегда құттықтаған ешкім жоқ. Ғашықсымағым да қатырды,"надо же я даже этот валентин забыл,ты еще спрашиваешь Ғашықтар күні,жаным-ау шалақазақты ұялтырдың" деп шала қазақша жауап бергені...Жұмысбасты адамға қандай бейресми Ғашықтар күні деп қалдым бір жағы. Оның кейде орысша сөйлегені де дұрыс шығар деп қоямын..."апамның боқтауындай" сөздеріме мән бермейді даа///// 

Бірақ бір қызығы таксиге отырғанымда бір-біріне қимыңдап оытрған 35-тер шамасындағы әйелі мен күйеуіне риза болып қалдым. Артында қыз отыр-ау деген арам ой да жоқ, "бір-бірін шымшыласып,бүгін Ғашықтар күні екен ғооой" деп әңгімені жіберіп отыр шырақтарым. Соларға қарап, мен өзімді кәрі сезінбей-ақ қойдым деп күлдім сағызымды шаймаңдап. Түсінгенім ағам жұбайын ресторанға апармақшы. Жол бойы сыйғанды салып таксилете бергені. Не ресторан ол...мейлі қойшы///// мен сол ресторанға да бармадым ғой уаххаха. Бірақ қуантқаны орта жас өкілдеріміз хабардар екен бастысы бұл күннен.

 

Шулата тойланған Валентиннен гөрі Осы Ғашықтар күнімізді ымдасып,шүйіркелесіп атамай, әжептеуір іс-шарамен насихаттайықшы. Кімнен қорқасыңдар,қазақтар?! Ешкім жеп қоймайды. Жә қорқар болсаңдар Қозы мен Баяннан қорқыңдар тойламаған үшін бастарыңды жұлсын уахахах

 

Жастар,бір-бірімізді сыйлайық,сезіміміз адал ,пәк болсын. Жалған махаббат, атақ-даңқ, мансапқұмарлық болмасын. Махаббат нан болмайды деп өзім көп айтам. Махаббаттан құралған,махаббатпен жасалған дүниеде нан болады. Сезімге шомылып жүрсең жұмысың да берекелі болмай ма?! ә?! деп қоясың ба какой қуып кетесің ғой уахахха

Қалжың ,Достар! Қайрат Нұртас сияқты аяқтасам : "Бақыт тілеймін баршаңызға"