Дүниенің құпиясын түгел білген ешбір жан жоқ

Дүниенің құпиясын түгел білген ешбір жан жоқ
жеке
блог

 

Дүниенің құпиясын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ, түсінігіміз жалған. Бірақ білместіктің екі түрі бар. Бірі – анадан туғанда ешнәрсе білмей туатынымыз; бұл – «табиғи» надандық. Екінші – шынайы данышпанның «білместігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып-біліп, тамам қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімінің бәрі түкке тұрмасын, Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екендігін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір тайпа ел бар – ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бұтып-шатып әр нәрсенің басын бір шалған, сөйте тұра өздері такаппар, менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне өзі дән риза, өресі тар, ойлары ора шолақ, сөйте тұра жұрт көзіне өздерін зор, білгіш етіп көрсете біледі. Міне, осы шала сауатты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын көпті «мен білем, маған ер» деп аранға жығады.

Паскаль