Соққан жүрек сендегі бөлек екен

Соққан жүрек сендегі бөлек екен
жеке
блог

Соққан жүрек сендегі бөлек екен,

Әлде сезім мендегі кедей ме екен?!

Парақтарды өмірге үміт сыйлаған

Оп - оңай жырта салу қинайды екен.

 

Ойладым, мені жақсы көреді деп,

Мендік қой, қайта айналып келеді деп.

Сынаққа сылтау таппай жүргендей бір,

Жоғалдың жүрегіме қанжар кезеп.

 

Кінәнің бәрі менен шығар мүмкін,

Батылырақ бола алмаған шығармын тым.

Сол кезде жаулайтынын ойлаппын ба

Мен сүйген жүрегіңді басқа сылқым.

 

Үмітім үзңлмеген бүгінге дейін,

Басқамен көру сені - өте қиын.

Мені ғана жылытқан құшағыңда

Өзгені көрсеткенің - 

Естен тандырарлық болды сыйың.

 

Неліктен? Неге бұлай? Түсінбедім...

Көбейді мұңға батып, күрсінгенім.

Тәңірім тартқан маған тәтті сыйдың

Қалайша байқамағам кішіргенін.

 

Намысты жиып алғаш рет хат та жаздым,

Ойлама, ұмытасың - деп қадалдың.

Көздерім оқығанда у себілген сөздеріңді,

Жүрек сезді - бақытысың басқа жанның.

 

Тоқтатам қалай жанардағы жастарымды,

Жоғалттым сені байқамай қас - қағымда.

Миды ауыртып, жүректі қысқан сезім

Айналды жаһаннамның тастарына.

 

Сан қилы ойлар... шегіне жете алмадым...

"Ойламай"... сені "ұмытып" кете алмадым...