2012 Күз бен Қыста туған жыр-
жеке
блог

2012 Күз бен Қыста туған жыр-

Босатып мұңнан санамды ашпайсың,

Іздеп те келіп амандаспайсың.

Қоңырау шалсам жауап бермейсің,

Ал өзің мүлдем хабарласпайсың.

 

Ішіңе ойды басып жүресің,

Жолықпасақ деп қашып жүресің.

Мен саған бір күй жақындай берем,

Сен менен ылғи қашып жүресің.

 

Бұлыңғыр боп тұр бүгінім анық,

Таппасам қайтам бұрылып алып.

Дәлізге төбе көрсетпейсің де,

Аудиторияңа тығылып алып.

 

"Етікші білер етік бағасын",

Күн сайын мұңды етіп барасың.

Жасырын келіп сабаққа сосын,

Жатақханаңа кетіп қаласың.

 

Ұстатпай жүрген түнек елесім,

Тек қана сырттай күле бересің,

Қашанға дейін жарқанат құсап,

Жарыққа шықпай жүре бересің...